- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Сахара ортасындағы керемет...
Сахара ортасындағы керемет
Google немесе Яндекс картасынан қарасаңыз, Сахара шөлінің ортасындағы кішкентай ғана дақты байқауға болады. Бұл жай ғана дақ емес, бұл – шөл даладағы нағыз зоологиялық және геологиялық ғажайып!
Егер сіз Сахараға саяхат жасайтын болсаңыз, бұл мекенді елемейсіз. Бәлкім, күнге қызып кеткендіктен, сағым көріп тұрмын деп ойлайсыз. Таныс болыңыз, атақты шөлдің қақ ортасындағы оазис Гельта д'Аршей деп аталады. Құм құшағындағы өлі даланың мына кереметі сізді бейжай қалдырмайды деп сенеміз.
Суқойма жер асты суларының әсерінен пайда болған.
Көпке аса танымал емес оазис Эннеди шоқысындағы каньонда, яғни, Чад аймағының солтүстік-шығысында жасырынып жатыр.
Суқойманың пайда болғанынан бірнеше жылдар болған. Сәні мен салтанаты жарасқан оазис түйелер үшін қызмет етеді. Олар осында су ішуге келеді екен.
Сондай-ақ, суқоймада ніл қолтырауындарының соңғы тұяғы өмір сүруде.
Салқын су құмды жартастардың арасында жатыр. Бұл жердегі жаңғырықтың өзі керемет (төмендегі видеоны тамашалауға кеңес береміз).
Бастапқыда қойманың суы таза болғанымен, түйелердің қилары суды қара түске бояп жіберген.
Ал жоғарыда аталған ніл қолтырауындары суда жүзетін балықтарды азық етеді. Ал балықтар осы түйе тезегінің әсерінен пайда болатын балдырлармен қоректенеді екен.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com