Арғы тас дәуірінен бастап, кешегі ХХ ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған қарудың бірі – садақ. Әсіресе ежелгі шығыс елдері: сақтардың, кейінірек ғұндардың, Орта азия халықтары тұрмыс-салтының ажырамас бөлігіне айналған. Қазақ садағына келер болсақ, ғалымдардың айтуынша, көшпелілер садағының әбден жетілген түрі, құзар шыңы деп баға берген. Оны тарихтан құралайды көзге атқан мергендердің ерлігінен байқау қиын емес.
Ал бүгінгі шетелдік кейіпкерлеріміз де садақ тартудың қыр-сырын жақсы меңгеріпті. Олардың атылған жебесі алыстағы алманы қақ тесіп өтіп, жіп-жіңішке жіпті де қиып, тіпті жанып тұрған балауыз шамды да өшіре алады. Әрине, садақты сақтың бүгінгі ұрпақтарындай ешкім тарта алмас, дегенмен мына садақшылардың өнері де бағалауға тұрарлық екен.
Сурет: photos-e.ak.fbcdn.net