Румындық инженер компьютерді алтын мен маржаннан жасайды

Румындық инженер компьютерді алтын мен маржаннан жасайды

Әлемнің ең бай адамдары үшін және өзін бай санайтын жандар үшін румындық инженер Джордж Кирита маржан мен алтын, гаухар тастармен әспеттелген компьютер мен заманауи технологияларды сатады.

XV - XVI ғасырда туылуды арман еткен өнер адамының бұл туындылары бүгінгі таңда әлемнің ең бай елдерінің ең бай адамдарына жол тартып жатыр. Жарты әлемді жасампаздығы мен мәдениетінің арқасында жаулап алған Францияның сонау ғасырлар ширегіндегі тұрмыс-тіршілігі Джордждың осы бір арманын жүзеге асырар деп кім ойлаған. 

Аталған компьютерлердің ең төменгі бағасы 21 мың долларды құрайды. Сыртқы сұлулығымен қатар, ішкі жылуына келгенде көрегендік танытқан Джордж Кирита компьютерлердің соңғы үлгіде шығып жатқан жаңа модельдер екенін алға тартады. 

"Таңғажайып элиталық компьютерді жасап шығу үшін технологияның ең соңғы үлгілерін қолдану қажет. Және француздық классикалық стилімен үйлестіріп жіберсек, өміршендігі арта түседі" - деп шебер ағынан жарылуда. 

Бүгінгі таңда қымбат компьютерлерді сатып алушылардың басым көпшілігі Қытай мен Орталық Азияның байлары екенін айтады. Олардың көпшілігі өлмес құндылықтың арқасында XV Людовик пен XVI Людовиктердің кездерін естеріне түсіреді-міс.
сурет:drunov.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига