- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ронда – жартас...
Ронда – жартас үстіндегі ерекше қала
Бір жағынан қауіпті көрінетін жартастың үстіне салынған қалаға қызығушылық танытатын туристердің қарасы көп. Ронда қалашығының кез келген аумағынан көзге түсетін көріністің әдемілігінен бастап, ғажап та үрейлі «ақ үйлерге» дейін бәрі-бәрі таң қалдырарлық дүние.
Ронда қалашығы Испанияның Малага провинциясында орналасқан. Нақтырақ айтар болсақ, қала аумағы теңіз деңгейінен 723 метр биіктікке дейін жететін Эль Тайо шатқалында жатыр.
Ронда – испан корридасының нағыз мекені. Осы қалашықта өгіздер айқасына арналған ең алғашқы әрі үлкен арена салынған (1785 ж.). Бүгінде бұл алаңда көптеген бұқалар айқасы өткізіліп тұрады.
Айта кетсек, Ронда қаласында Эрнест Хемингуэй бірнеше ай бойы тұрақтап, өз еңбектерінде қалашықты жиі мақтап, танымал туристік маршрут ретінде суреттейді.
Ж. Өрісбай