- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Риодағы қауіпті демалыс...
Риодағы қауіпті демалыс орны
Фото:
pisec.net
Брайан Мосбо есімді экстремал өзінің бойындағы қорқынышты жеңіп тастағанын дәлелдеді. Ол қос таудың ортасында орналасқан 850 метр биіктіктегі арқанға мініп, қызықты суреттерге түскен. Мұны көрген өзге жұртшылық бұл жігіттің батыл қадам жасағанына тәнті болуда. Алайда, бойында күш-жігері тасып түрлі қауіпті жерлерде жүретін жандардың сөзіне сүйенсек, аталған мекеннің шынымен де көптің жүрегі дауаламаған жерде болғанын алға тартады. Бойды кернейтін ерекше сезім мен керемет әсерді алу үшін онда барудың қажеті жоқ. Тек, Брайан Мосбоның бас айналдырар тамаша суреттеріне назар аудару арқылы да денеңіз шымырлап кететіні сөзсіз. Сонымен қауіпті жерлерді өзіне бағындырған экстремалдың фото суреттеріне көз салыңыздар.
B. ZHAQSYMBET