Римнің орталығында Пантеон мен Қасиетті Петр алаңына жақын маңда кіп-кішкентай үй орналасқан, - деп жазады tengrinews.kz. 18-ші ғасырда салынған үй ұзақ жылдар бойы қараусыз жатады. 2010 жылы оны архитектор әрі дизайнер Марко Пьерацци сатып алды.
Архитектор үй ауданының 7 шаршы метр болғанына қарамастан, оны толыққанды баспана еткен.
Бірінша қабатта ас үй жабдықтары мен жуынатын бөлме орналасқан. Сонымен қатар, жинап қоюға болатын шағын үстел бар. Оған бір уақытта 3-4 адам отырып тамақтана алады.
Екінші қабатқа шығу үшін арнайы баспалдақпен көтеріліп, үйдің төбесінің бір бөлігін көтеру керек.
Екінші қабатта жатын бөлмесі орналасқан. Онда теледидар да бар.
Осы кішкентай пәтерде Марко өз әйелімен бірнеше жыл бойы тұрды. Балалары өмірге келгеннен кейін олар көшіп кетуге мәжбүр болды. Енді ол баспананы тұрғысы келетіндерге жалға береді.
сурет: tn.kz