Лаптев теңізінің Якутия жағалауында екі Ми-26 тікұшағының экипаждары жаңа арал тауып алды. Алайда құрлықтың барлық ауданы бірнеше жүз шаршы метрді ғана құрайды. Географтардың болжамынша, арал жарты ғасыр бұрын пайда болуы мүмкін. Ал ұшқыштар оны тек кездейсоқ тауып алған, деп хабарлайды «Ресей газеті».
Бұл аймақта өткен ғасырдың ортасына қарай мұздықтар мен топырақ негіздері бұзылып, көптеген құрлық жоқ болған. Сондай-ақ керісінше, геологиялық процестердің арқасында жаңа арал пайда болуы да ықтимал.
«Аралды тауып алғаннан соң, біз оның сыртқы келбеті танымал жарнамадағыдай мекенге ұқсағандықтан, Баунти деп атауды ұйғардық. Алайда «Оны ең бірінші кім көрді?» деген сұраққа жауап іздей бастағанда, бәрі «Мен, мен, мен!» дей жөнелді. Осылайша жаңа аралды «Яя» деп атауды шештік»,-дейді тарихшы-географ Сергей Рыжий.
Осы жаңа аралдың арқасында Ресейдің аумағы 500 шаршы метрге ұлғайып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: zhelezyaka.com