- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Раушан гүлдерінің шеруі...
Раушан гүлдерінің шеруі
Сіз бен біз қылышын сүйреп келген қыстың әлегіне түсіп, қақаған аяздың құрсауынан шыға алмай, қармен алысып жүрсек, Пасаден қаласының тұрғындары "Раушан гүлдер шеруін" өткізіп үлгерді.
Шерудің тарихы сонау 1890 жылғы қаңтар айының бірінші жұлдызынан басталады. Міне биыл, раушан есімінің күллі әлемге паш етілгендігіне 123 жыл болып отыр. Шеруді алғаш рет ұйымдастырған - Пасаден жерінің аңшылар клубы болатын. Биылғы жылғы шеру Калифорнияның күншуақты климатының құрметіне және Пасаден жерінің шынайы сұлулығы мен жер бетіндегі бейбітшілікті көрсету мақсатында өткізіліп отыр.
Алғашында қарапайым түрде ғана аталып өтетін іс-шара ХХ ғасырдың басында үлкен танымалдылыққа ие болды. Сол сәттен бері гүлсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырған фестиваль өз лауазымын жоғалтқан емес.
Мереке күні шеруге шығатын барлық қайық-платформалар өсімдіктер мен табиғи материалдарға толтырылуы керек. Орташа қайықтың өзі 100 000 гүлді талап етеді.
Статистикалық мәліметтер бір ғана шерудің өзіне 1,5 миллион раушан гүлі жұмсалатындығын көрсетіп отыр. Биылғы жылы өткізілген шараға миллионнан астам турист жиналған.
Суреттер:kulturologia.ru,bigpicture.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева