Қаңтардың 11-і Бүкіләлемдік "рақмет" күні атап өтіледі. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл атаулы күнді азаматтығына, ұлтына, діни сеніміне қарамастан бүкіл әлем болып тойлай алады.
Қазақ тіліндегі "рақмет" сөзі рақым және ет сөздерінің кірігуінен пайда болған. Сол себепті, "рахмет" емес, "рақмет" деп жазылады. Бүгін назарға "рақмет" сөзінің бірнеше тілдегі аудармасын ұсынамыз. Өйткені, алғыс айта білу адамдарды байланыстырып, бір-біріне жақын ете түседі.
Әзірбайжан тілі – çox sag olun
Албан тілі – Faleminderit
Ағылшын – Thank you
Араб тілі – Shoukran
Армян тілі – Shnorhakalutjun
Беларусь тілі – Дзякую
Болгар тілі – Благодаря
Венгер тілі – Köszönöm (Кёсёнём)
Вьетнам тілі – Cám ơo’n
Голланд тілі – Dank u wel / dank je wel
Грек тілі – Evkaristo
Грузин тілі – Mahd-lobt
Дат тілі – Tak
Индонезия тілі – Terima kasih
Исландия тілі – Takk
Испан тілі – Gracias
Итальян тілі – Grazie
Қытай тілі – Xie-xie
Кәріс тілі – Kamsu hamnida
Латыш тілі – Paldies
Литван тілі – Ačiū
Неміс тілі – Danke schön
Норвег тілі – Tak
Осетин тілі – Бузныг
Поляк тілі – Dziekuje bardzo
Португал тілі – Obrigado (ер адамға), obrigada (әйел адамға)
Румын тілі – Mulţumesc
Серб тілі – Хвала
Тай тілі – Kabkoon krup
Татар тілі – Rekhmet
Турік тілі – Teşekkür ederim / Sagolun
Өзбек тілі – Rahmat
Украин тілі – Дякую
Фин тілі – Kiitos
Француз тілі – Merci
Хинди – Dhanyavad
Хорват тілі – Hvala
Чех тілі – Dekuju
Швед тілі – Tack
Эстон тілі – Tänan
Жапон тілі – Arigato
Орыс тілі – Спасибо
Қырғыз тілі – Рахмат