Адам тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен кезде оған қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсететін – психологтар. Алайда, әйгілі америкалық жазушы-фантаст Майкл Крайтон былай деген екен: «...Мәселе мынада. Психологтарда бір үлкен кемшілік бар. Тіпті, бірінші санаттағы психологтың өзі өз таныстарының, жақындарының және өз басының проблемаларын шеше алмайды». Сол себептен болуы керек, қиын жағдайда тіпті психологтардың өзі психологқа жүгінеді. Осының айғағы ретінде біз сіздерге төмендегі Шериган колледжінің әртістері жасаған қысқаметражды анимациялық фильмді ұсынып отырмыз.
Ұқсас жазба:
Арзан киімнің артында кім тұр?
Бірін-бірі танымайтын қыз бен жігіт қалай үйленді?