Джордж Буш Үлкен экстремалды спорт түрлерімен шұғылданғанды ұнатады екен. Ол бірнеше рет парашютпен де секіріпті. Джордж: «Егде адам болу – бұрышта отырып, сілекейіңді ағызу деген сөз емес» дейді.
Джон Куинс Адамс кейде таңертең Потомак өзенінде тыр жалаңаш шомылуды ұнатқан екен.
Джимми Картер тербелме-креслоларды қатты ұнатқан. Ол арнайы Ақ Үйге 1875 жылы Томас Брамби жасап шыққан «Jumbo» креслоларының 5 данасын сатып алыпты.
Эндрю Джонсон, АҚШ елінің 17-президенті өз киімін өзі тігетін болған.
Президент Джеймс Гарфилдтің сүйікті ісі классикалық тілдер болған. Оны меңгергені сонша, ол бір уақытта бір қолымен латынша, екінші қолымен грекше жаза білген.
Джордж Вашингтонның жеке сыраханасы болды.
АҚШ-тың бұрынғы президенттердің бірі Томас Джефферсонның Виргиния штатында орналасқан үйінде бильярд үстелі болған. Ал оның билігі кезінде дәл осы штатта аталған ойынға тыйым салынған болатын. Сонымен қатар, оның археологияға, әдебиетке, шарапшылыққа, аспаздыққа және де өнеркәсіптік дизайнға қызығушылығы болыпты.
Билл Клинтон тенор саксофонында ойнауды ұнатады. Сондай-ақ, сөзжұмбақ шешуге де қызығушылығы бар. Ол тіпті The New York Times баспасына арнап сөзжұмбақ жасаған екен.
Джордж Буштың техастық әріптесі Линдон Б. Джонсон да Буш секілді өзінің Lone Star State ранчосында (АҚШ-тағы мал қыстағы, ферма ) демалуды ұнатқан. Ол фермада барбекю жасап, автокөліктерін мас күйінде жүргізген. Джонсон әдетте қонақтарға тежегіштің істен шыққандығы жайлы өтірік айтып, көлікпен көлге бір-ақ сүңгитін болған екен.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: web-mirror.net