- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- "Поле чудестің" мұражайында...
"Поле чудестің" мұражайында не бар?
1990 жылдың 25 қазанында “Поле чудес” телевикоринасының алғашқы бағдарламасы халыққа жол тартты. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаның өмір сүріп келе жатқанына 20 жылдан көп уақыт болды. Осы жылдар арасында жалпы халықтық сипат алып, ел сүйіп көрер бағдарламаға айнала білді.
“Поле чудес” идеясы қонақ үй нөмірлерінің бірінде дүниеге келген. Идея «Влад Листьев. Пристрастный реквием» атты кітапта “Владислав Листьев пен Анатолий Лысенко американдық Wheel of Fortune (Колесо фортуны) бағдарламасын қарап отырған кезде туғаны” жазылған. Ал, бағдарламаның аты Алексей Николаевич Толстойдың «Золотой ключик, или Приключения Буратино» атты ертегісінің алынған.
Леонид Якубовичтің бағдарламаны ауысусыз жүргізіп келе жатқанына 22 жыл болған екен.
Телебағдарлама жайлы тағы бір қызық дерек. “Поле чудес” тарихында сыртта, яғни өзге елдерде түсірілген кездері де болған екен. Біріншісі, 1992 жылы 25 желтоқсанда Испанияның Барселона қаласында. Екіншісі, 1993 жылдың 23 сәуірінде Жерорта теңізінде “Шота Руставели” теплоходында түсірілген. Үшіншісі, киевтік түсірілім. Ол 1994 жылы 16 желтоқсанда эфирге шықты. Сонымен қатар, “Поле чудестің” нақ Африкада түсірілгендей бір бағдарламасы болды. Ол 2000 жылдың 31-ші наурызында эфирге шықты. Леонид Якубовичтің Африкада жүргендей болғаны рас. Шын мәнінде бағдарлама бұрынғы өз студиясында түсірілді. Жәй ғана бәрі африкалық үлгіде ойластырылды және африкалық адамдар ретінде Ресейдің ұлттар достығы университетінің студенттері ойнатылды.
Бағдарлама барысында Леонид Якубовичке берілетін сыйлықтар “Поле чудестің” мұражайында топтастырылған. Мұражай Жалпыресейлік орталық көрмесінің “Орталық” павильонында қызмет етіп тұрғанына 12 жылдай уақыт болып қалды. Ол жерден “Поле чудестің” бірінші жәшігін, Якубовичтің эфир барысында өлшеп көрген алғашқы костюмін, жүргізушінің түрлі портреттерін, және тағы басқа да көптеген қызықты дүниелерді көруге болады. Экспонатқа қойылған дүниелерді қолмен ұстап көруге, суретке түсуге, тіпті киіп көруге де болады.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: mirfactov.com
Ш. Талап