Піл – жер бетіндегі ең ірі жануар. Ендеше, жануарлар және олардың өмірі, ерекшеліктері айтылатын жаңа циклді осы пілден бастауды жөн көрдік. Сіздер енді "Әлемтану" айдарынан өзіңізді қызықтыратын жануарлар туралы ең қызықты деректерді біле аласыздар.
Пілдер – ежелгі тұмсықтылар тобынан біздің заманымызға жеткен жалғыз хайуан. Бұрын олардың түрі 40-қа жеткен болса, бүгінде үш қана түрі бар: саванналық африка пілдері, африкалық орман пілдері және азиялық пілдер.
***
1973 жылдың 30 тамызында Кенияда пілдерді аулауға тиым салынды. Піл сүйегін өндірісте жиі пайдалану олардың санының азаюына әкеліп соқтырды.
***
Әлемдегі ең алып жануардың денесінің ұзындығы – 6-7,5 метр, орташа салмағы – 5 тонна. Тарихта кездескен ең алып піл 1956 жылы Ангола жерінде атылды. Оның салмағы – 11 000 келіге, ұзындығы – 3.96 метрге жеткен екен.
***
Жүкті піл құрсақтағы баласын 22 апта бойы көтеріп жүреді. Бұл жануарлар арасындағы рекордтық көрсеткіш.
***
Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Туғанда көзі соқыр болатындықтан, анасының тұмсығына арқа сүйейді. Сол арқылы анасына жақындайды. Сәби пілдің салмағы 120 келіге жуық болады. Біздің бөбектердің бас бармақтарын соратындығы секілді олар да алғашқыда тұмсықтарын соратын көрінеді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан анасы мен отардың тәжірибелі мүшелері үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді.
***
Үндістандағы пілдердің алдыңғы аяғында бес саусақ болса, артқы аяғында төрт саусақ болады.
***
Пілдер – отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары әрқашан отбасымен бірге өмір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Ал аталық пілдер 12 жасқа таяғанда отбасынан бөлініп шығады.
***
Бүкіл хайуандар арасында пілдің миы ең ауыры саналады. Ми салмағы – 5 келі.
***
Пілдердің таңғажайып қабілеттері бар: олар мұңаяды, уайымдайды, сағынады, ағайындарына көмектеседі, музыкамен айналысады, сурет салады.
***
Пілдің бірі ауырып қалатын болса, басқалары оны қолдап, тағам әкеліп береді. Бір піл өліп қалса, отбасы мүшелері оны су мен тамақ арқылы тірілтуге тырысады екен. Өлгені анық болғанда бүкіл отар үнсіздікке басады. Өлікті шұңқырға қойып, бұталармен жабады да, моланың жанында бірнеше күн бойы қалады. Олар бірде өздері тауып алған адамның өлігін де осылай жерлеген екен.
***
Пілдер бір-бірімен дыбыс және аяқтарын таптау арқылы қарым-қатынас жасайды. Адамдардың құлақтары бұл дыбысты ести алмайды.
***
Пілдер тәулігіне 2-3 сағат қана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды.
***
Піл тұмсығы – керемет жаратылыс. Тұмсық үстіңгі еріннің жалғасы саналады. Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Піл тұмсығы бір мезгілде 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Олар осы тұмсық арқылы сурет салып, әр түрлі тапсырмаларды орындайды.
***
Пілдерде де оңақай, солақай деген ұғым бар. Олар оң немесе сол азумен жұмыс істеуге икемді келеді. Оңақайлардың оң тұмсығы ұзын, солақайларда сол тұмсық ұзын болады.
***
Пілдердің арасындағы ең ұзақ өмір көрсеткіші – 82 жас. Ал олардың жалпы өмір сүру уақыты – 55-65 жас қана екен.
***
Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп қояды. Оның тұмсығында 40 мыңнан астам рецептор бар.
***
Пілдердің ең жақсы көретін ісі – жүзу. Олар мұны асқан ұқыптылықпен жасайды.
***
Пілдер секіре алмайды және бір жағындағы екі аяғын бірдей басып, шайқалақтап жүреді.
***
Олар ыстық күндері құлақтарын желпу арқылы температурағы әсер ете алады, яғни, өздерін салқындатады.
***
Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 келі қатты тағам жей алады.
Аналық пілдер елу жасқа дейін туа береді.
Жаңа туған піл баласы сүтті тұмсығымен емес аузымен ішеді екен.
***
Пілдердің жүрек соғысы өте баяу: минутына 27 рет соғады. Жүрегінің салмағы – 25-30 келіні құрайды.
Таиландта пілдер ұлттық әрі қасиетті жануар саналады.
Үйретілген піл бірден 70 бұйрықты есте сақтай алады.
***
Пілдің орташа жылдамдығы – сағатына 3-5 шақырым. Алайда, қауіп төніп тұрған жағдайда сағатына 40 шақырымды бағындыра алады екен.
Пілдің кейбір тұстарындағы тері қалыңдығы – 4-5 сантиметр болады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com