Қиғаш орналасуымен атақты Пиза мұнарасы түзеліп келеді екен. Бұл туралы ВВС хабарлады. Реставрациялық жұмыстарды қадағалап отыратын мамандар Римнің басты туристік орыны саналатын мұнараның сәл түзелгеніне көз жеткізген. Соңғы 20 жылда қисық бұрыш 4 сантиметрге кішірейген. 1990 жылы салынғанына 800 жыл болған орын туристер алдында есігін жапқан болатын. Себебі, оның құлау қаупі жоғары болды. 1993 пен 2001 жылдар аралығында мұнараны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, ол 45 сантиметрге түзелді. Мұның өзі Рим әкімшілігі қорын 200 миллион фунтқа азайтты . Естеріңізге, сала кетейік, Пиза мұнарасы 1989 ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енді.