Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Пасха мүсіндерінің бас бөліктерінен бөлек дене тұлғалары да табылған. Ең қызығы, ғалымдардың ешқайсысы бұған дейін тарихи ескерткіштердің қосалқы бөліктері барын ойламаған.
Пасха аралы Рапа-Нуи және Исла де Паскуа деген атпен таныс. Ол Тынық мұхитының оңтүстік-шығыс бөлігінде полинезиялық аралдың жарты аймағында орналасқан. Оның әйгілілігі Рапануи жұрты жасаған көлемді ірі мүсіндерімен байланысты. Қазіргі уақытта басты мүсін Рана Паракуда жерінде, ал қалған ескерткіш тастары аралға тас платформасы ретінде жайғастырылған.
Аралда жалпы саны 900-ге жуық тас мүсін бар. Ғалымдар зерттеу барысында мүсіндерді жай топырақ бетінде орныққан деп есептеп келген. Кейін бірнеше тас ескерткіштерінің бүкіл қол-аяғы дене мүшесімен жалғасатынын анықтады. «Пасха аралының мүсін жобасының» директоры Джо Энн ван Тилбург өз сөзінде: «Қазба кезінде археологтарымыз жеті метрлік кеуде мүсіндерін тапты. Осыған орай, біз, Пасха мүсіндерінің дене мүшелері бары туралы айтқымыз келеді» – деген болатын.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері құпияға толы мүсіндердің салмағы 6 тонна, ал биіктігі адам бойынан біршама ұзын екенін көрсетті. Мұндай мүсіндер Пасха аралында 100 жыл бұрын мекендеген тайпаларда маңызды рөл атқарғандығын білдіреді.
Тас мүсіндерге жақын арадан адамдардың жерлеу орындары да табылған. Сонымен қатар жасаған сараптамада фигуралардың салт рәсімдерінде пайдаланылатыны белгілі болды. Оған қазба орнындағы бояғыш заттар дәлел бола алады. Және де археологтар осыған сәйкес сол заманның мүсіншілері өз келбеттеріне ұқсастыра отырып ескерткіштерді бояған деген болжам жасайды.
Әйтсе де, Пасха аралының әлі көптеген құпия сырлары ашыла қоймағаны түсінікті. 2011 жылы зерттеушілер жергілікті жерден адамдардың қартаю үрдісін өзгертетін зат тапқан. Ол рапамицин деп аталады. Оған адамдар «Мәңгі жастықтың сиқырлы суысыны» деп ат қойған. Бұл препаратты іс жүзінде адамға қолданған сәтте ғалымдар рапамициннің денедегі зақымдалған жасушаларды жойып, сау жасушаларға әсер етпейтіндігін байқаған.
Оқи отырыңыз:
Ғаламның ашылмаған сырлары
EXPO-2017 көрмесінің маскоты анықталды
Ұлыбританияда «сөйлейтін» ескерткіштер пайда болды
"Ұлытау" экспедициясы алға қойған жоспарының сексен пайызын орындады
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: tainy.net,otherea,www.pureinsight.ru