- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Париж не себепті...
Париж не себепті "махаббат қаласы" деп аталады?
Францияның астанасы Париж қаласының «ғашықтар мекені», «махаббат қаласы» деп аталып жүргенін естіген боларсыз. Ал неге мұндай айдар тағылғанын ойланып көрдіңіз бе? Жауабын бірге іздейік.
Париж қаласы миллион махаббат оқиғасына куә болып, сан ғасырдан бері бойына сіңіріп тұр. Нотр-Дам қапас күмбезі не Елисей жазығы болсын – мұнда барлығы махаббатпен тыныстайтындай. Мұнда атақты ғашықтар Абеляр мен Элиоза басына қойылған құлпытас бар. Абеляр XII ғасырда өмір сүрген дін маманы, ғалым, философ, ол өзінің 17 жастағы шәкірті Элиозаға ғашық болады. Қыз да оған сезімі пәк болды. Ал қоғам олардың махаббатына қарсы шығып, жасақ құрады. Парижге келгендердің барлығы дерлік осы қабір басына бармай кетпейді.
Парижде Наполеон мен Жозефина некелесті. Квазимодо мен Эсмеральда махаббат құрды.
Бұл қаланың ғашықтар мекеніне айналуына француз тілі де өз үлесін қосты. Қаншама ынтық сезім, тәтті ләззат, ыстық құштарлық осы тілде жеткізілді.
Ғашықтар ат басын бұратын қағба – «Мен сені сүйемін» (mur des je taime) тақтасы. Мұнда әлемнің 311 тілінде сезімін білдіру сөздері жазылған. Ол әлемнің түкпір-түкіпірндегі ғашықтарды бір нүктеге магниттей тартады. Тақта салынғанына 17-ақ жыл болғанына қарамастан, қазір халық мұнсыз Парижді елестете алмайды. Ғашықтар күнінде барлығы осы жерге жиналып, көгершін ұшырады.
Атақты Moulin Rouge есіңізде болар. Ол осы жерде. Париж қызыл шамды бар махаббат көшесімен және мыңдаған кабарелерді (түрлі ойын-сауық көрсететін мейрамхана немесе кафе) бір жерге шоғырландыруымен мақтанады.
Париж қаласы жоғары сән астанасы екені де жасырын емес. Әр жігіт өз аруынан көруді қалайтын шілтер, еліктіретін корсет, адам айтқысыз декольте дәл осы ғашықтар мекенінен шықты.
Эйфель мұнарасы және Елисей алаңы. Оларсыз Париж – Париж емес. Халық көп. Бірақ нақ осы жерлерге жиналған ғашықтар туғызған бақытқа толы әсерден арыла алмайсыз.
Көше кафелері. Амурды ұстау үшін міндетті түрде қымбат мейрамханаға отырудың қажеті жоқ. Көшедегі көңіліңіз қалаған кафеге кіріңіз, атақты француз устрицасынан ауыз тиіңіз не жай ғана шарап, кофе дәмінен ләззат алыңыз.
@. @assel_assanova