- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Паргелия деген не?...
Паргелия деген не?
Фото:
yandex.kz
Суық, аяз күндері аспаннан бір емес, екі, үш, тіпті, бес «күн» көретін кездеріміз болады.
Бұл галлюцинация не беймәлім ұшқыш нысан (НЛО) емес. Ғылымда арнайы атауы бар құбылыс. Оны паргелия дейді. Бұл құбылыстың мәні мынада...
Аяз күндері ауадағы микротамшылар қатып, ұсақ мұзға айналады да күнмен шағылысады. Сол кезде ауа ағынымен қозғалысқа түскен ұсақ мұздар белгілі бір уақытта бір-бірімен бір жерге кеп түйісіп қалған шақта батып бара жатқан күн сәулесімен шағылысып, көкжиек көрініс түзеді.
Осыны паргелия деп атайды. Сырттан қарағанда күн сәулесіне өте ұқсағанымен, бұл күннің өзі емес, оның шағылысқан бейнесі екенін аңғаруға болады.