Қытай елінің жануарларды қорғайтын мамандары тамаша нәтижеге қол жеткізді. Ақ қара түсті аюлар енді қызыл кітаптың құрдымға кетіп бара жатқан жануарлары тізімінен алынбақ. 10 жылғы ерен еңбектің нәтижесінде пандалар саны 17 пайызға өскен.
Қытайдың шығыс өңірін мекендеген бамбук аюлары орманды алқаптардың өртенуінен, оталуынан және аңшылардың қолынан жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған. Мұнымен қоса климаттың өзгеруі де пандалардың панасына қауіп төндірген.
Бүгінде Қытай елінде пандаларға қамқорлық көрсететін 67 жер бар. 2004 жылмен салыстырғанда олардың саны 1596-дан 1864-ке жеткен. Халықаралық жануарларды қорғау орталығы енді мұндай жануарларды жойылу қауіпі бар деген тізімнен шығарып, осалдар қатарына қосқан.