Өзін өлімнен алып қалған иесіне жылда 8000 км жерден келетін пингвин

Өзін өлімнен алып қалған иесіне жылда 8000 км жерден келетін пингвин
Фото: adme.ru

Бразилия жерінде жабайы жануарларды қолға ұстауға рұқсат жоқ екенін көп адам біле бермейді. Әйтсе де 8000 километрді артқа тап, иесіне жыл сайын бір рет келетін Диндим атты пингвинге әлі ешкім тосқауыл қоймаған. Бұл оқиға былай басталған екен. 

2011 жылы бразилиялық Жоао Перейра де Соуза атты балықшы жағалаудан өлімсіреп жатқан пингвинді тауып алады. Үйіне алып келіп, барлық емдік шараларын жасап, көмегін көрсетіп, жазылғаннан кейін Диндим деген есім беріп, қайтадан мұхитқа жібереді. Белгісіз жаққа жол жүрген су жануары араға бір жыл салып, қайтадан Жоао Перейра тұрған мекенге оралады. Маңайындағы таңғалған жұрттың барлығы жақын маңда жүргенін сөзге тартып, қайтадан мұхитқа кеткен пингвинді келмейді енді деп ұйғарады. Алайда, тағы бір жыл өткеннен кейін Диндимді көрген балықшы қуанышын жасыра алмаған. Сөйтіп жыл сайын Бразилия жағалауына қонаққа келетін су жануары Жоао Перейра де Соузаның отбасы мүшесінің біріне айналған. Жануардың 71 жастағы иесі: "Бұл менің отбасымның бір мүшесіне айналды, мен балаларымды қалай жақсы көрсем, Диндимге деген махаббатым да сондай",– деп қысқа қайырған. 

Уақытының көп бөлігін Бразилияда өткізетін пингвин қалған уақытта Аргентина мен Чили жағалауын мекендейді екен. 

B. ZHAQSYMBET