Ғасырлар тоғысында дүниеге келген немесе адам баласы ашқан жаңалықтар жетерлік. Солардың бірі - Магдебург су көпірі. Қазіргі таңда бүкіл неміс жұртының мақтанышына айналып отырған өзен үстіндегі өзен әлі де талай ғасырлар ширегінде пайдаланыла бермек.
Германиядағы осы бір таңсық дүниенің жай айтыла салғанмен сананы біраз уақытқа сан соқтырып тастайтыны анық. Себебі, өзеннің үстінен өзеннің көпір арқылы өтуі ешкімнің екі ұйықтаса да түсіне кіре беретін дүние емес. Бірақ, техникасы мен ақшасы көп елде мүмкіндік бұдан да жоғары екен.
Магдебург су көпірінің ұзындығы 918 метрге созылып жатыр. Және тереңдігі - 4,25 метр. Ені - 34 метр. Осы бір құрылысқа кезінде 500 млн. евро, 24 000 тонна құрылыс материалдары мен 68 000 метр бетон кеткен.
Аталған көпірді салудағы мақсат Ортагермандық канал мен Эльба-Хафель каналын жалғау болатын.
1919 жылдың өзінде-ақ құрылысты бастауға деген алғашқы бастамалар да орын алған екен. Алайда, арада өткен екі соғыс, Германияның екіге бөлініп кетуі еш мүмкіндік бермей келіп еді. Содан кейін жаңа ғасырдың тоғысында ғана құрылыс толыққанды жүзеге аса бастады. Сөйтіп, 2003 жылы аяқталған құрылыс Берлин порты мен Рейн өзенінің жанындағы портты жалғап жіберді.
Дайындаған: Фараби Бақыт
суреттер: europe-today.ru