Ойыңызға келмеген 5 сұрақтың жауабы

Ойыңызға келмеген 5 сұрақтың жауабы
Фото: factroom.ru

Әлемде сан түрлі сауал бар, оның кейбірі тіпті басымызға келмейді. Бүгін сіздерге бұрын-соңды ойыңызға келмеген бес ақпарат жайында сыр ашамыз.

Неге голландиялық полицей қызметкерлері көлікте пүліш аю ұстап жүреді?

Егер төтенше жағдай орын алған жағдайда жарақат алған не қорқып қалған балаларды тыныштандыру үшін олардың көлігінде үнемі ойыншық аю болады.


Тек көріпкелдер тұратын қала қай жерде?

Нью-Йорк штатында орналасқан Лили Дейл қаласында тек 275 адам тұрады. Олардың барлығы өзін көріпкел және спиритуалистер деп есептейді.


Неге Facebook әлеуметтік желісі көк түсті?

Facebook әлеуметтік желісін ойлап тапқан Марк Цукерберг дальтоник, яғни түстерді жақсы ажырата алмайды, ол көк түсті жақсырақ көреді.


Қай президент екі мәрте Грэмми сыйлығын алған?

Барак Обама Грэмми музыкалық сыйлығының мүсіншесін екі мәрте алған. Аудиокітап түрінде шыққан «Үміт батылдығы» эссесі үшін «Үздік әңгіме альбомы» номинациясын алды.


Әлемдегі ең үлкен сарқырама қай жерде орналасқан?

Ең алып күркіреуік сарқырама Исландия мен Гренландияны бөліп жатқан бұғазда орналасқан. Ол су астынан 600 метр қашықтан басталып, 3000 метр биіктікке дейін көтеріледі.

@. @assel_assanova