Ойын-сауық кереметтері - 2

Әлемдегі ең озық ойын-сауық кереметтері туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

Уолт Дисней әлемі

Флоридадағы Диснейленд ойын-сауық кешені дүние жүзіндегі ең ірі орталық. Бұл жаққа жыл сайын 15 млн. адам келеді. Көптеген отбасылар үшін бұл жерге келу, ойын-сауық құру – орындалмас армандардың бірі.

Ертегідегідей таңғажайып сарайлары бар сиқырлық әлемі – жас балаға өзінің сүйікті кейіпкерлерімен кездесуге мүмкіндік береді.

Сиднейдегі Олимпиадалық стадион

Сиднейдегі Олимпиадалық стадион және олимпиадалық ауылдың құрылысы 1999 жылы 2000 жылғы Олимпиада ойындарының құрметіне арнап салынған. Стадионда түрлі жарыстар мен футбол ойындары өткізіледі. Әдемі аренада электронды табло және алып видеоэкран орналасқан. 110 мың орындық стадион салуға 440 млн. доллар қаражат жұмсалған.

Олимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін жанкүйерлер отыратын орындар 60 мыңға дейін қысқарып, стадион шатырмен жабылды да, порттық қана емес, басқа да шаралар, концерттер, көрмелер өткізілетін орынға айналды.

Universal Studios киностудиясы

Көркем фильмдер – ойын-сауықтың ең танымал түрі. Киноиндустрия да бизнестің ең пайдалы түрлерінің біріне айналды. Оның орталығы – Калифорния штатындағы Голливуд.

Universal Studios 1915 жылы құрылып, кейіннен әлемдегі ең ірі кино студиясына айналды. Бүгінде мұнда келушілер арнайы ұйымдастырылған жер сілкінісі, су тасқыны кезінде болатын түрлі апаттарға қатысып, танымал фильмдердің қалай жасалғандығын көре алады.

Жалғасы бар...

Суреттер:tpg.ua,diary.ru,diary.ru,steelcon.ru,vk.com,americatravel.ru,americatravel.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева