- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ойын картасының тарихы...
Ойын картасының тарихы
Ойын картасының шығу тарихы жайында ақпарат табу өте қиын. Деректер бойынша, тарихы Шығыс Азия мемлекеттерінен бастау алады. Кей нұсқаларда ойын карталары IX ғасырда Қытайда пайда болды дейді. Ол уақытта карталарды ағаштар, бамбук не сүйектерден жасаған. Ал екінші нұсқаға сенсек, ойын картасы Үндістанда пайда болған: ол дөңгелек (ганджиф деп атаған) пішінді болса, онда төрт қолды құдай Шива бейнеленген. Шива құдай қолында тиын, кубок, таяқ не қылыш ұстаған.
Еуропаға карта Парсы және Египет арқылы келген. XIII ғасырда ойын картасын Афро-Еуразия аймағы қолдана бастады. Тіпті, билік ойын картасын қолдануға тыйым салып үлгереді. Оны Әулие Людовик патша азғындық пен қылмыстан сақтау үшін шығарған. Соған қарамастан, XIV ғасырда алғашқы еуропалық карта пайда болады. Француз суретшісі Жаклен Грэнгоннер күйзеліске ұшыраған досы патша VI Карлдің көңілін көтеру үшін жасаған. Оның идеясы іске асады: карта өте ашық түсті, алтын түске боялған әр жеңіске патша баладай қуанған. Карталардың арасында тек "бикеш" кездеспеді. Өйткені, сол заманда әйел адам жын мен шайқастың белгісі саналды. Әйел адам бейнесі ойын картасына тек XV ғасырда итальян суретші арқылы келді.
Жын ұрпағы:
Алғашқы уақытта ойын карталары тек бай адамдарға кана болды. Өйткені, картаны ол уақытта қолдан жасайтын. Оның үстіне қымбат қағаздар, сүйек, металл не ағаш қолданатын.
Францияда алғаш рет карта ойындарын азартқа айналдырған да оған тыйым салу көбейе бастады. Бастапқыда тек демалыс күндері ойнауға рұқсат етілді. Кейін шіркеуде картаны адамды жамандыққа итермелейтін жын деп есептеп, оны мүлдем қолданыстан алып тастауға тырысты.
Карта және бейнелер:
Ойын карталарындағы әр бейненің өзіне тән мағынасы бар. Әр түрлі мемлекет өз дәстүріне мен аңызына сәйкес бейнелерді орналастырады. Бастапқы картада пик патшасы ретінде інжілдегі патша Давид, ал бикеші ретінде ақыл құдайы Афина бейнеленген. Құрт (червей) патшасы ретінде Ұлы Карл бейнеленсе, ал бикеш — Елена Троянская. Қиықта (бубен) — Юлий Цезарь, бикеш — Рахиль. Шытыр (треф) патшасына — Александр Македонскийді қойса, бикешке келгенде ылғи түсініспеушіліктер туған.
Т. Есқали