- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Өткен ғасырдағы ең...
Өткен ғасырдағы ең ауыр 20 зілзала
Адамзат тарихындағы ең ауыр зілзалалар жайлы біле отырыңыз.
1906 жылы Америкадағы 7.5 балл жер сілкінісінде 3000 адам өліп, экономикалық шығын 524 миллион АҚШ доллары болған.
1906 жылы Италиядағы 7.5 балл жер сілкінісінде 25926 адам өліп, экономикалық шығын 116 миллион АҚШ доллары болған.
1923 жылы Жапониядағы жер сілкінісінің қуаты 8.3 баллға жеткен. 142800 адам өліп, экономикалық шығын 2 миллиард 800 миллионнан асқан.
1936 жылғы 7.5 балл жер сілкінісінде 35000 адам өліп, экономикалық зиян 25 миллион АҚШ долларына жеткен.
1939 жылы Чили елінде 8.3 балл жер сілкінісі болып, 28000 адам өлген. Жалпы экономикалық шығын 100 миллион АҚШ доллары болған.
1939 жылы Түркияда жер сілкініп, 8 баллдық зілзаладан 36740 адам өлген. Жалпы шығын 20 миллион АҚШ долларына жеткен.
1960 жылы Мароккодағы 5.9 балл жер сілкінісінде 12 мың адам өліп, 120 мың АҚШ доллар шығын тудырған.
1970 жылы Перудегі жер сілкінісі 7.7 балл болған. 67000 адам өліп, 550 миллион доллар шығын болған.
1976 жылы Қытайдың Таң Шан қаласындағы 8 баллдық жер сілкінісінде 290 мың адам өліп, жалпы шығын 5 миллиард 600 миллион долларға жеткен. Осы ғасырдағы адам шығыны ең ауыр жер сілкінісі болып тіркелді.
Гватемаладағы жер сілкінісі 7.5 балл болған. 22084 адам өліп, жалпы 1 миллиард 100 миллион АҚШ доллар шығын әкелген.
1985-жылғы Мексикадағы 8.1 баллдық жер сілкінісінде 10 мың адам қаза тауып, 4 миллиард АҚШ доллар шығын тудырған.
1988 Армениядағы жер сілкінісі 6.9 баллға жеткен. 25 мың адам қаза тауып, 14 миллиард доллар шығын болған.
1989 жылы Америкадағы жер сілкінісі 7 балл болған. 68 адам қаза тапқанымен 6 миллиард доллар зиян салған.
1995 жылы Жапонияда тағы да жер сілкінісі 7.2 балл болған. 6348 адам қаза тауып, экономикалық шығын 200 миллиард доллардан асқан.
1999 жылы Түркияда 7.4 балл жер сілкінісі болып, 19118 адам қаза тапқан. жалпы экономикалық шығын 20 миллиард долларға жеткен.
2004 жылы Үнді мұхиты жағалауындағы елдерде 9.2 балл жер сілкінісә және теңіз тасқыны салдарынан 230 мың адам қазақ тапқан және із-дерексіз кеткен. Жалпы экономикалық шығын 230 миллиард долларға жеткен. Осы ғасырдағы экономикалық шығыны ең ауыр жер сілкінісі болып тіркелді.
2008 жылы Қытайдың Сы Чуан қаласында 8 балл жер сілкінісі болып, экономикалық шығын 20 миллиард АҚШ доллары болған.
2010 жылы Гаитидағы жер 7 балл жер сілкінісінде 225 мың адам қаза тауып, 196 мың адам ауыр жараланған.
2010 жылы Чили еліндегі жер сілкінісі 8.8 балл болған. 486 адам қаза тапқан.
2011 жылғы Жапониядағы 8.9 балл жер сілкінісі болып, 14 мың 30 адам қайтыс болған.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: baidu.com, xinhau.net,lenta.ru, gazeta.ru, wikipedia.org
Қ. Қауымбек