- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Оталған орманның көбі...
Оталған орманның көбі қай елге кетеді?
Жабайы табиғат дүниежүзілік қорының (WWF) сарапшылары орманнан кесілген ағаштарды қайда экспортталатыны туралы есеп жариялады. Есепке көз жүгіртсек, әлемде оталған орман ағаштарының төрттен бір бөлігі Қытайға кетеді екен.
Қор мамандарының есептеуінше, Еуроодақ елдерінің Қытайға сататын негізгі тауары қазір ағаш болып отыр. Еуропа ормандарында кесілген ағаштың 24 пайызы – Қытайға, 16 пайызы – Еуроодақтың өзіне, 9 пайызы – Үндістанға, 7 пайызы – АҚШ-қа, 5 пайызы – Жапонияға кетеді екен.
Ал Еуроодақ елдері арасында орман ағаштарын ең көп тұтынушы – Германия. WWF есебінше, Германияның ішкі нарығын ағашпен қамту үшін жылына 44 мың гектар орман оталатын көрінеді. Ал Италияға – 36 мыңға жуық гектар, Испанияға 33 мыңға жуық гектар орман ағашы қажет.
Мамандар оталған орман ағашының көбі соя, пальма майын жасау мен сиыр етін өндіру үшін кетеді дейді.
Қ. Слямбек"Еурокомиссия қоршаған ортаны қорғаудың стандарттарын қатаңдатуы қажет. Табиғатты құртуға тосқауыл қойылуы тиіс", - деп аяқтаған екен есебін WWF сарапшылары.