- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Осы өмірдің суретшілері...
Осы өмірдің суретшілері
Әр суреті интернеттің көмегімен 7,50 долларға бағаланатын, жер-дүниені атағымен дүбірлетіп отырған, тіпті, атақты тележобаларға шақырту алып, барып тұратын Смитфилд есімді шошқаның өз дегені болып тұр.
Әрине, өз дегені асылық болар. 54 жастағы Фран Мартин есімді иесі болмағанда, бұл да өз туыстары секілді қалыпты өмірін өткізер еді. Алайда, енді оған тыныштық жоқ. Және өмірі мүлде басқа арнада өтіп жатыр.
Ал Тайландта біршама уақыттан бері пілдерді сурет салуға үйретіп жатқан көрінеді. Иә, мұндай ғаламатты көрген туристің не жаны қалсын.
Аталған пілдер де көпшілікті таңғалдыру мақсатында автопортрет салудан тайынбайды.
Бәйге алаңын тастап, ұзақ демалысқа шыққан Метро Метео өзін жаңа қырдан көрсетіп келе жатыр. Калифорния штатында талай мәрте топ жарған жүйріктің бір амалы іште қалса керек. Енді міне, суретші-абстракционер болып шыға келді. Әр салған суретін тәтті тоқаштай қас-қағым сәтте өткізе алады.
Бұдан біршама уақыт арыда Конго (1954–1964) есімді шипанзе-суретші өмір сүрген. Талантты алыстан таныған зоолог және суретші Дезмонд Моррис бала Конгоны үйінде асырап, бағып жатады. Күндердің күні бала маймылдың ойына не келгені белгісіз, қарындаш қолына алған күйі ақ параққа шұқшия кетеді. Алғашында мән бермеген иесі біршама уақыттардан соң жағасын ұстаған. Маймыл қарындашты ызғытып отыр. Және онысы кәдімгі суреттің нобайына келеді.
Содан ол өмірінің соңына дейін 400-ге жуық "робот" салған. Түсіндіре кететіні, мамандар маймылдың стиліне уақытында өз бағаларын бере кетіпті. Ол, яғни Конго "абстрактылы лирикалық импрессионизм" стилін өмірінің соңына дейін азық етіп өткен.
Тіпті, әйгілі Пабло Пикассоның үйінің қабырғасында шимпанзенің бір суреті ілінген.
Мысықтұқымдастың бір түріне жататын жеті жастағы Педфут Аризона штатының, оның ішінде зоопаркінің ең әйгілі жануарына айналып келе жатыр. 2005 жылы өнерге тосыннан келгелі бері, сурет өнерінен қоңысын бөле қоймаған. Керісінше, күн артқан сайын өнерге деген махаббаты оянып, уақыттың көп бөлігін өнерге бөлуді машық қылып алған.
Бір қызығы, Педфут өз суреттерін салуда бүкіл денесін пайдаланатын болып шықты. Мәселен, тырнақтан бастап, мұрынға дейінгі аралықта бояу-бояу болып жүріп жұмыс жасауға дағдыланған. Әрине, өз тұқымдастарынан өзі секілді суретшілердің шыға қоюы екіталай. Оның үстіне суретті рақаттанып, жан-тәнмен сезіне салуды қолдайтындай.
Аталған суретті Циньхуандао аквапаркінің дельфині салған. 2006 жылдың 10 маусымы.
"Суретке әркімнің-ақ бар таласы" дегендей, Морган мен Аэро да көп уақыттан бері көркемөнерге ден қойған. Әсіресе, маймен сурет салуда алдарына жан салмайды.
сурет:fresher.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига