- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Өсімдіктер ойлай алады...
Өсімдіктер ойлай алады
Бирмингем университетінің ғалымдары "өсімдіктер де ойлай алады" деген қорытындыға келді. Олардың бұтағы немесе бүршігінде адам миы секілді қызмет атқаратын жасуша болады. Осы арқылы өсімдіктер өсіп жетілуін тездетіп, кейде тежеп отырады екен.
Ғалымдар жаңадан ашылған жасушаға арабидопсис деп атаған. Бұл жасуша өсімдіктердің өсуі мен табиғи қалпын сақтайтын гормон бөледі. Сондай-ақ осы жасушадан бөлінген гормондар негізінде өсімдіктер түрлі климаттық жағдайларға тез бейімделеді екен. «Егер өсімдіктердің ойлау жүйесі болмаса, жер бетінен әлдеқашан жойылып кеткен болар еді» - дейді ғалымдар.
Өсімдіктердің ойлау жүйесі орналасқан жасуша жер бетіне шыққан соң барып қана жетіледі. Бұл тұрғыдан ғалымдар арабидопсисті адамның жүйке жүйесімен салыстырып отыр. «Өсімдік миына» хабар синапс арқылы жеткізілетін болады.
Ғылым мен техника қанша дамығанмен, адамзат үшін дүниенің тылсымы мен жұмбағы таусылған емес.
О. Сансызбай