Ұлыбританиядағы Абердин Университетінің докторы Дэвид Джонсон ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесінде топырақ саңырауқұлағы арқылы өсімдіктердің бір-бірлеріне хабарлама жіберетіндіктерін анықтаған.
Мәселен, ауырып тұрған өсімдіктер "көршілеріне" қауіп төнгенін ескертеді, қатердің алдын алу үшін басқа өсімдіктер қорғаныс жүйесін іске қосады.
Өздеріңіз білетіндей, кейбір өсімдіктер топырақ саңырауқұлақтарымен симбиоз (бір-біріне пайда әкелетін екі ағзаның бірге тұра алуы) түзе өмір сүреді. Өсімдік саңырауқұлаққа азық берсе, ал ол, өз кезегінде, қамқоршысын керекті минералдармен қамтамасыз етеді. Осы тұста доктор Джонсон мен оның ұжымдас әріптестері зерттеуге сүйене келіп, аталған саңырауқұлақтардың аталған "тамырластарына" пошташылық қызметін тұжырымға алған.
2010 жылы қытайлық бір топ зерттеушілер бір қызық құбылыстың мәніне ұмтылған, онда нұқсан түскен қызанақтың қасындағы қызанақтарға бір белгі беріп, әлгілердің табан астында иммунитеттерін іске қосып, нұқсаннан қашып құтыла алғандығын айтылып еді.
Білетіндеріңіздей, шіркейлер шабуыл жасағанда, өсімдіктер араларды тартатын ерекше химикат бөліп, сол арқылы шіркейлерден құтылуға мүмкіндік алады.
сурет: zn.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек