Орта Азия елдерінің сыртқы қарызы қанша?

Орта Азия елдерінің сыртқы қарызы қанша?
Фото: moneycatch.com.au, коллаж

Кез келген мемлекеттің сыртқы қарызы мен оның жалпы ішкі өнімінің ара салмағына қарап бәсекеге қабілеттілігін анықтауға болады. Осы орайда Орта Азия елдерінің сыртқы қарыз мөлшерін санап көрдік.

Қырғызстан

Айыр қалпақты ағайын Қытайдың сыртқы сауда банкіне $1,7 миллиард қарыз екен. Ал Қырғызстанның жалпы сыртқы қарызы $3 миллиард 764 миллионды құрайды. Одан бөлек күншығыс елі Қырғызстанға $237 миллион берген.

Тәжікстан

Тәжікстанның сырты қарызы $2,8 миллиардты құрайды. Оның $62,2 миллион Халықаралық валюта фондына, $3,5 миллион Қытайға және $812 миллион Ислам даму банкіне тиесілі. Сондай-ақ дүниежүзілік банк ($315) миллион пен Азия даму банкі ($278 миллион ) де қаржыландырған.

Түрікменстан

Түрікменстанның сыртқы қарызы туралы нақты дерек жоқ. Әр түрлі ақпараттарға сәйкес, бұл көрсеткіш $9 миллардтан $11,16 миллиард аралығында көрсетіледі. 

Өзбекстан 

Өзбекстан да Түрікменстан секілді сыртқы қарыздары туралы нақты ақпарат таратпайды. Қай мемлекетке қанша қарыз екені туралы белгісіз. Алайда Өзбекстанның сыртқы қарызы $14,7 миллиардты құрайтыны белгілі.

Қазақстан

Еліміздің сыртқы қарызы $161,5 миллиардты құраған. Қазақстан қарызының басым бөлігі Нидерланд еліне тиесілі, нақтырақ айтқанда - $48,9 миллиард. Екінші орынға Ұлыбритания ($21,3 миллиард) жайғасса, АҚШ Қазақстанға $12,3 миллиард инвестициялаған. Одан кейін Қытай- $11,9 миллиард, Франция - $11,7 миллиард және Ресей - $10 миллиард мемлекеттері орналасқан.

*Ақпарат 2018 жылдың 1 қазан күніне сәйкес

**Ақпарат ашық ресурстардан алынды

А. Рысдәулет