- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Орманда жоғалып кеткен...
Орманда жоғалып кеткен сәбиді аю құтқарып қалған
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы 3 жасар сәби 2 күн жоғалып кетіп, табылғасын оны аю құтқарып қалғанын айтып берді. Бұл туралы Daily Mail басылымы мәлім етті.
Daily Mail-дың жазуынша, сәби әжесінің үйіндегі аулада ағасы және әпкесімен ойнап жүріп, орманға шығып кеткен. Оны жүздеген еріктілер, полиция өкілдері, тік ұшақ және дрондар іздегенімен, ауа райының қолайсыздығына байланысты екі күн бой таба алмаған. Құтқарушылар 48 сағат ішінде күннің суықтығына байланысты баланы мұздап қалады деп ойлаған екен. Себебі 3 жастағы сәби қалың киінбеген.
Құтқарушылар сәбиді тапқанда ол өзін суық ауа райынан сақтап қалған қара аю туралы айтып берген. "Құдай оны қорғау үшін аюды жіберді. Өмірде осындай ғажайыптар болып тұрады", – дейді баланың әжесі.
Ал дәрігерлер баланы тексеріп денсаулығына қауіп төндіретін ешқандай ауру белгілерін таппаған.
Т. Раушанұлы