Оңтүстік Кореяда жаппай неке қию рәсімі өтті, деп жазады khabar.kz. Шараны «Бірлескен шіркеулердің» негізін қалаушы, миллиардер, медиамагнат марқұм Сан Мен Мунның жұбайы Капхён қаласында ұйымдастырды.
Онда 4 мыңға жуық жұп бір мезгілде некеге тұрды. Оңтүстік Кореяның жас жұбайларымен қатар тікелей бейне байланыста ғаламтор арқылы бүкіл әлем бойынша тағы да 12 мың жұп бір-бірлеріне адал болу туралы ант берді. Дәстүр бойынша ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы танымауы керек. Естеріңізге салайық, Сан Мен Мун 2012 жылы 93 жасына қараған шағында дүние салған еді. Оның өлімінен кейін некелесу шарасын өткізу дәстүрге айналды. Жылда бұл рәсімге оның зайыбы басшылық етеді.
сурет: 4tololo.ru