- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Өнер деп осыны...
Өнер деп осыны айт
Зеник Палагнюк есімді жас суретші шеге мен жіптен америкалық поп-әнші Джастин Тимберлейктің портретін жасады. Зеник жұмысты орындау барысында 24 шақырым жіп пен 13000 дана шеге пайдаланған. Бұған суретшінің 200 сағат уақыты кеткен.
Зеник Палагнюк — Украина еліндегі Чертков қаласының тумасы. Ол Львовь ұлттық университетінің "графикалық дизайн" факультетінің 3-курс студенті. Оның сөзіне сенсек, суретші Джастин Тимберлейктің әндерін сүйіп тыңдайды екен. Сонымен қатар ол Джастиннің әншілікпен қатар актерлікті бірге алып жүретіндігін дұрыс көреді-мыс. Зеник жақында Джастиннің әйелі босанғанып, олардың ұлды болғанынан хабардар болады. Сөйтіп өнер иесі өзінің сүйікті әншісіне қолынан келгенше сыйлық жасауға барын салады. Нәтижесі таңдай қақтырарлық.
Н. Нұрмаханұлы