Италиялық Лука Лампариелло 11 тілді еркін меңгерген. Луканың пікірінше,полиглот болу аса қиын емес. Оның ағылшын, француз, неміс, испан, голланд, швед, орыс, поляк, португал, қытай және жапон тілдерін үйрену кезіндегітәжірибесін сіздермен бөлісуді жөн көрдік. Ағылшын тіліТілді үйрету мүмкін емес. Оны үйрену керек. Тіл үйрену мақсатында маманның немесе досыңның көмегіне жүгіну жақсы. Бірақ олар сізге нұсқаушы емес, гидболсын, дейді Лука. Ол 13 жасқа толғанда ата-анасы қосымша оқыту үшін ағылшын тілі оқытушысын жалдаған. Луканың айтуынша,алғашқы тілді үйреткен оқытушы оның басқа тілдерді үйренуге деген ынтасын оятқан. Ағылшын мұғалімі тілді үйренуден бұрын сол тілді сүюді үйреткен екен. Француз тіліТіл жаңа дүниелер есігін ашатын кілт. Барлық кедергілерді ұмытып,үйренетін тіліңіз қолданылатын мемлекетке, адамдарына, ұлттық тағамдарына, салт-дәстүріне көңіл бөлгеніңіз ләзім. Мысалы, Лука француз тілін үйрену үшін күніне 2 сағаттан француз телеарналарын қараған. 1 жылдан соң французша еркінсөйлеп кеткен. Әрине,бұл жеткіліксіз. Лука француз тілін тереңдетіп үйренумақсатында Парижге барып 3 жыл тұрған. Француздардың әдебиеті, мәдениеті, тарихы,тіпті олардың тіліндегі юмордың ішкіасханасына дейін үйренген. Неміс тіліБарлығына бірдей ыңғайлытіл үйрену тәсілі жоқ. Өзіңізге ұнайтынын тауып алыңыз. Содан соң сіз кез келген тілді өздігіңізден үйрене аласыз, дейді полиглот. Луканың неміс тілін үйренуіне 1,5 жылдай уақыт кеткен. Кейін ол кезекті айлық демалысыкезінде саяхаттап жүріп неміс тобымен танысқан. Араласа келе Лука неміс мәдениетін жан-жақты үйренеді. Бұл да оның неміс тілін еркін меңгеріп кетуіне септігін тигізеді. Голланд тіліИталиядағы Сардиния аралында демалып жүргенЛука Нидерландиялыққызды кездестіреді. Ол аралдағы негізгі қарым-қатынас тілі ағылшын тілін жетік білмейтін. Голланд қызбен аз-кем тілдескен соң, Лука голланд тілін үйренуді бастайды. Сол тілдегі журналдарды оқып,бағдарламарды көреді.Голланд көршісімен оның ана тілінде сөйлесіп жаттығады. Голланд тілі керексіз тілдер қатарына жатады екен. Себебі олардың барлығы ағылшын тілін біледі. Бірақ, Лука әлемде керексіз тіл жоқ деп есептейді. Түптің-түбінде сіз үйренген ең елеусіз тіл декөмегін тигізеді.Швед тіліЛука тілдерді меңгеру қабілетін жетілдірумақсатында скандинавиялық тілдердіңбірін зерттеуді ойлайды. Нәтижесіндешвед тілін үйренуді қолға алады. Швед тілініңерекше интонациясы арқылыкеремет әуезді дыбысшығады.Бастапқыда оған тілді үйрену қиынға соқты. 2004 жылы Стокгольмге саяхаттап келген ол Швед мәдениетіне таң қалады. Швед тілінде кітаптароқып, кинолар көреді.Луканың айтуынша, шведтер өте қонақжай халық. Егер сіз олардың тілінде сөйлеп тұрсаңыз құрметпен қарайды. Испан тіліЛуканың айтуынша, испан және италия тілі (ана тілі) бір-біріне өте ұқсас: олар әртүрлі, бірақ бірдей. Бұл тілдердің жалпы құрылымында ұқсастықтары бар,олардың арасында айтылу, интонация және идиомаларды қолдану тұрғысынан айырмашылықтар болғанымен,өте аз.2007 жылы Лука студенттік білім алмасу бағдарламасымен Барселонаға барып, өмір сүріп, жергілікті халықпен испанша сөйлеседі. Соның нәтижесіндеЛампариеллобүгінде испан тілінде еркін сөйлейді. Оның пікірінше, басқа тілдерді үйрену үшін өз тіліңізге ұқсас тілдерден бастаған жөн екен. Орыс тіліОрыс тілі Лукаға экзотикалық тіл сияқты көрінді: бай, талғампаз және күрделі. Ол үшін орыс тілінде сөйлеу күрделі математикалық мәселені шешу сияқтанды. 8 айлық тынымсыз еңбек те айтарлықтай нәтиже бермеді. Тіпті, Лукаорыс тілін үйренуді тоқтату керек деп теесептеді.Тек 3 жылдан кейін ғана YouTube каналында орыс тілінде блог жүргізуді бастайды. Орыс көрермендердің қуанышы оған жаңа мотивация сыйлайды. Осыдан соң ол орыс тілін үйренуді қайта жалғастырған. Егер бір тілді үйрену қиындық туғызса,сол елге саяхаттаңыз, сол тілдегі киноларды көріңіз, сол тілде YouTube-та видео жүргізіңіз. Осылардың бірі болмаса бірі міндетті түрде көмегінтигізеді, дейді полиглот. Португал тіліЛука бір уақыттабір-біріне ұқсамайтын тілдер португал тілімен қоса қытай тілін деүйренеді. Оның айтуынша,португал тілі дыбысталуы жағынан испан тілі мен италия тіліне қатты ұқсайды екен. Сондықтан бұл тілді үйрену Лука үшін аса көп қиындық туғызбаған. Уақытыңыз бен күшіңізді орынды қолдана білсеңіз,екі тіл үйрену көп уақытты қажет етпейді екен. Поляк тіліЛука Польшаға 2012 жылы екінші рет ат басын бұрады. Поляк тілін үйрену кезінде танысқан тегі поляк Михалдың көп көмегітигенін айтады.Бұл тіл дыбысталуы жағынан орыс тіліне ұқсайды. Славян тілдерінің бірін үйреніп алсаңыз, басқасын үйрену аса қиындық туғызбайды, дейді Лука. Польшаға барғаннан1 жылдан кейін Лука досы Михалмен бірігіп жергілікті тілде видео-блог түсіріп, YouTube-те жариялайды.Бұл бейнежазбаполяктың бір журналисіне ұнап, одан сұқбат алады. Тағы бір жылдан соң оны Польшадағы теле-шоуға шақырады.Луканың айтуынша, көп саяхат жасау сіздің жаңа тілді үйренуге деген ынтаңызды аша түседі. Жапон тіліЛука жапон тілін үйрене бастаған кезде, әдеттегідей, өз-өзін біраз қинаған соң,тәжірибеніңарқасында тез-ақ үйреніп кетемін деп есептеген. Бірақ нәтиже күтілгеннен гөрі қиын болды. Ол тіпті қарапайым сөйлемдерді құрастыраалмайды, өйткені жапон тілінің құрылымы толығымен бұрын үйренгентілдерінен ерекше болып шығады.Алғашында бұл қалыпты тәжірибе арқылы шешілетін уақытша мәселе деп үміттенді. Бірақ олай болмай шығады.Лука жапон тілінәлі де сынақтан өткізіп жатыр, бірақ бұл мәселені шеше алатынына сенімді. Шет тілдерінде сөйлеу бұл ақыл-ой мен қабілеттің емес,бәлкім, еңбек пен тәртіптің нәтижесі деп есептейді Рим тұрғыны. Бұл адам табиғатының таңғажайып әртүрлілігін анықтауға және жеке бастың көптеген аспектілерін зерттеуге көмектесетін өз өзіне және басқа адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрмет. Өзге тіл тек дыбыстар мен сөздерден тұрмайды, басқа тіл идеялар векторы. Бұл идеяларды басқаадамдарға жеткізу құралы, ұлт мәдениетін және оның ділін ашу тәсілі, дейді.