- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Өмірдің бір қызығы...
Өмірдің бір қызығы бала деген... #2
Алдыңғы жазбамызда балдырғандардың ғажайып суреттерін көріп, бір күліп алған шығарсыздар. Өзіміздің бала кезіміздегі қара-ақ түсті (черно-белый) суреттерімізді қызықтап отыратынымыз рас. Ал, қазір сәби дүниеге келе сала, «Менің алғашқы күндерім» атты суретжинағын жасайтын болдық. Сол секілді, мына кейіпкерлердің суреттері де альбомдарында әдемі естелік боп, сақтаулы тұрған болар.
Белгілі фотограф Адам Оприс той және отбасылық суреттерді түсірумен әуестенеді. Балалардың су астында жүзіп жүргенін және олардың басқа да қызықты сәттерін суретке түсіруі оны өзгелерден ерекшелеп тұрады.
Сөзімізге мына суда киіммен жүзген балалардың қозғалысы, асыр салып ойнағаны дәлел бола алады.
Элис — өсіп келе жатқан модель әрі әртіс. Ол әдемі киінгенді жаны сүйеді. Элисті 7 жасында фотограф Келли Льюистің жанұясы бауырына басқан. Ал енді олар бірлесіп, керемет суреттер жасап жүр.
Элистің, шынымен де, қабілеті көп: періште қыздан қорқынышты фильмдердің қаһарманына айнала алады.
Холли Спрингтің қызы сол жақ қолынан айырылған соң, оны демеп, мына сиқырлы әлемді өзгеше қырынан таныту үшін қызын суретке түсірумен айналысады.
Бұл жұптың да қиялында шек жоқ, тіпті, олар бұл өмірде жоқ тәрізді, ал оларды көріп, сезіну үшін осындай сиқырлы әлемнің бар екеніне сену керек.
Лас-Вегастың Лиза Холлоуэй атты тұрғыны – он баланың анасы және ол отбасылық суреттерді түсірумен айналысады. Оның кейіпкерлері – балалары, Лиза шаршамай, бөбектерінің қылықтарына сүйсініп, түрлі ғажайып портрет жасайды.
Оның басқалардан ерекшелігі – суреттерге реңк беріп, компьютерлік бағдарламалармен өңдемейді. Өйткені, оның сезімге толы суреттері шынайылықпен түсірілген.
Швейцарлық Джон Вильгельм есімді әке – фотограф. Ол ерке екі қызын суретке түсіруден еш жалыққан емес.
Қыздары әкелерімен ойнап, көңілдерін көтеріп суретке түссе, әкелері суреттерін өңдеп, қиял әлеміне апарады.
Куини Лиао сәбилерін ұйықтап жатқан кезде суретке түсіргенді қалайды. Ол осындай ерек суреттерден бөбектер түрлі қызықты оқиға мен ойындар күтетін өзгеше әлем жасайды. Мына туындыларды «Екі сәбидің тәтті ұйқысы» деп атасақ, артық емес. Жалпы, осы еңбекті керемет фото-жоба деп тануға болады.
Ғаламтор арқылы Куинидің суреттерін тамашалаған ата-аналар өз балаларын ұйықтап жатқанда да, қызықтап суретке түсіріп, суретжинағына жинап жатқан болар, сірә!
«Ит-адамның досы» деген қағиданы ұстанған Грейс жанұясы Зоуи атты құтқарушы итті асырап алған. Бұл шаңырақта Джаспер атты ұл дүниеге келген соң, Зоуи мен Джаспердің достығы бір елі ажырамаған.
Алғашында күлкі сыйлайтын суреттер боп есептелген бұл еңбектер кейін үлкен фото-жобаға айналған. Бұл туралы Грейс әлеуметтік желісіндегі «Zoey and Jasper» атты блогында жазған екен.
Сурет: adme.ru
Е. Жұмабайұлы