Өмірде болған әрі болмаған адам

Өмірде болған әрі болмаған адам
Фото: derzhava.today

Джордж П. Берделл – АҚШ-тағы ең танымал ойдан шығарылған кейіпкер. Бұл сөзіміз дәлірек болу үшін ақпаратты кеңінен берсек. 

Мифке негізделіп кеткен кейіпкердің тарихы 1927 жылы басталды. Оған себеп бюрократиялық қателіктен туындаған. Яғни белгісіз бір адам әзілдеп Джорджия штатының Технологиялық институтына өмірде жоқ Джордж Берделл есімді адамды тіркеп жіберген. Тіпті келеңсіз жағдайға қарамастан Д. Берделл қағаз жүзінде өмір сүріп, институтты бітіріп диплом алып, АҚШ-тың әскери мекемесінде борышын өтеп, үйленіп, балалы-шағалы болып тіпті Mad журналының директорлар кеңесінің мүшелігіне де өтіп үлгерген. 


1927 жылы Уильям Эдгар Смит есімді адамның үйіне біз атап кеткен институттан хат келеді. Бірақ хат жіберуші тараптың кім екені тағы белгісіз болып шығады. Ең қызығы келген хаттың ішінде оқуға түсті деген екі қағаз болған. Біреуі аталған адамға, біреуі кімге екені белгісіз. Уильям осыны пайдаланып өзінің досы Джордж Батлерді оқуға түсуге шақырғысы келеді де, артынан ойланып қалып, Батлер тегін «Берделл» деп өзгертіп қайта салып жібереді. Осы күннен бастап өмірде жоқ адам студент атанады. Ал оның барлық тапсырмасын Уильям орындап жүре береді. Басты себеп қызық үшін болатын. 


1930 жылы Д.Берделл бакалавр деңгейі бойынша диплом алады. Араға біраз жыл салып белгісіз адам тіпті магистрант атағын да алып шығады. Осы уақыт аралығында ол студент туралы ешкім ештеңе білмеген. 

Уақыт өте келе институтта көзге көрінбейтін студент туралы алып-қашпа әңгіме тарайды. Мұны ескерген басшылық қызықтың әрі қарай жалғасын тапқанын қалайды. Тіпті болған дүниенің бәрін құпия сақтап отырады. 

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Джордж есімі бірнеше фронттың қатарында аталып жүрген. Мәселен ол бомбылаушы Б-17 ұшағының экипаж мүшесі болып та, Ұлыбританияның сегізінші әуе кеңістігінің ұшқышы болып та тіркелген. Өтіріктің құйрығы тек оған атақ пен дәрежеге берген кезде барып қана тұтанған. Соғыс аяқталғаннан кейін Джорджия штатының белгілі бір газеті белгісіз Джордждың Агнесс есімді қызға үйленгені жазылып, мақала жарық көреді. Жарты ғасыр өткеннен кейін жергілікті радиодан жас жұбайлардың үйленгендеріне елу жыл мерейтойлары жайлы құттықтау жүрген. 

1956-1958 жылдары өмірде жоқ, бірақ қағаз жүзінде өмір сүріп келе жатқан Джордж Берделл Джорджия институтының баскетбол құрамасының ең белсенді мүшесі болып табылған. 1969 – 1981 жылдары ол жоғарыда атап кеткен Mad журналының директорлар кеңесінен шығып қалған. 

2015 жылы АҚШ президенті Барак Обама Технологиялық институтқа келіп сөз сөйлер алдында, жүргізуші президент алдында Джордж Берделл есімді азаматтың сөз сөйлейтінін мәлімдеген. Бірақ ол көрінбеген. Қазіргі кезде өмірде жоқ адамның атауымен аталған институтта дүкендер желісі ашылған. 

М. Ақан