- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Өмір бойы нан...
Өмір бойы нан мен ірімшік қана жеп келген адам
Фото:
oboi.cc
Біз "фобия" деп атап жүрген қорқыныштың да түр-түрі бар. Жуырда 29 жастағы ағылшын Эйприл Гриффитстің қорқынышы жұртты тіпті таңдандырды. Ол өмір бойы нан мен ірімшік жеп келеді екен.
Daily Mirror басылымы хабарлағандай, Эйприл бала кезінен бастап өзге тағамдар мен жеміс-жидектерді жей алмаған. Жаңа тағам немесе көкөністі жейтін болса, бойын үрей билеп, дірілдеп кетеді екен.
Ағылшын әйел өз қорқынышын әлі күнге дейін жеңе алмай келеді. Тіпті сүйіктісі қанша көндіруге тырысса да, дәм татып көруден де қорқады.
- Нанға ірімшік араластырып жеу мені қатты жалықтырды. Бірақ дертіме дауа таба алар емеспін. Қорқынышымды жеңе алмай келемін, - дейді әйел.
Ара-тұра өзін сынап апельсин шырынын ғана ішеді.
Н. Үсенова