- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Өліп жатып та...
Өліп жатып та өмір сүр
Бүгін сіздердің назарларыңызға үндістердің өмір сүру ережесін таныстыра кеткіміз келіп отыр.
* * *
1. Шындықты айту үшін көпсөзділік қажет емес.
2. Өмір деген не? Өмір деген - жарық қоңызының түнгі жарығы. Өмір деген - қыстың келгенін сезген бизон демі. Өмір деген - шөп үстінде дамылдаған және кешкі іңірде жолғалған көлеңке.
3. Жерді сүй. Ол саған ата-анадан қалған мұра емес, ол сенің балаларыңа қалған мұра.
4. Соңғы ағаш кесілгенде, соңғы көл уланғанда, соңғы құс ұсталғанда - сонда барып қана ақшаны жеуге болмайтындығын түсінесіз.
5. Үйленген күннің бірінші күні-ақ жас жұбайлар бір-біріне қарап, бақытты бола аламыз ба деп ойлайды. Егер күдік басым болса, бірден қоштасуларына тура келеді. Ал егер бір-бірі сүймеген күйі мәжбүрлікпен бір үйде тұрып жатқан болса, онда біздер де ақ адамдар секілді ақымақ болар ма едік.
6. Сен өтірік ұйықтап жатқан адамды ешқашан оята алмақ емессің.
7. Ұлы Рух та ақ пейілді емес. Оның да ақ, қара тұстары бар. Кейде қара тұстары ақ тұстан да артық білім беріп жатады.
8. Маған назар салшы. Кедеймін әрі ашпын. Бірақ та мен, өз халқымның көсемімін. Байлықтың бізге керегі шамалы. Біздер тек балаларымыздың әділ болып өсуіне көмектескіміз келеді. Біздерге тек бейбітшілік пен махаббат қажет.
9. Тіпті, сенің үнсіздігің дұғаңның бір бөлігі болуы мүмкін.
10. Ақ адам ашкөз. Қалтасына ақ шүберек салып алып, соған сіңбіріп, абайсызда сіңбіріп қалып, бір бағалысын жоғалтып алуға қорқып жүретіндей.
11. Әділ болғандықтан кедейміз.
12. Білім әр заттың астында жатыр. Дүние бір кездері кітапхана болған.
13. Менің ұлым егіншілікпен ешқашан айналыспас. Кім егіншілікпен айалыссса, сол адам түс көрмейді. Ал данышпандық түсте келеді.
14. Адам бір күн дұға қылып, бес күн күнә жасағанда, Ұлы Рух ашуға ерік берсе, Зұлымдық Рухы еріксіз күледі.
15. Махаббатпен ала алмаған нәрсеңізді неге күшпен алуға тырысасыз?
16. Ертедегі өмір керемет еді. Қарттар өз үйлерінің есік алдына отырып, күн ұясына батқанша балалармен ойнаушы еді. Әр күн сайын балалармен ойнаудан жалықпайтын. Сосын, күндердің бір күні ұйқыларынан тұрмай қалатын.
17. Аңыз өліп, арман жолғалғанда, әлемде ұлылық қалмайды.
18. Жыртқышсыз адам дегенді қалай түсінесіз? Егер жер бетіндегі бүкіл жыртқыштардың көзі жойылатын болса, онда адамдар ұлы рухтың жалғыздығынан өлетін болады. Жыртқыштың басыне не орнаса, адамға да сол орнайды.
19. "Мен берем" деген екі сөзден бір ғана "алыңыз" артық.
20. Менің артымнан еруші болма, мүмкін, мен сені ерте алмайтын болармын. Алдымнан жүруші болма, мүмкін, мен сенің артынан ермей қоятын шығармын. Жанымда бірге жүр, сонда біз біртұтас боламыз.
21. Ақиқат - адамдардың сенген нәрсесі.
22. Тіпті, кішкентай тышқанның өзі қаһарлануға құқылы.
23. Айтылған қаншама жақсы сөз бен қаншама уәделердің бұзылғандығын еске алсам, азаптанып кетемін. Бұл дүниеде көп сөйлейтіндердің көбісі сөйлеуге тұрмайтындар немесе сөйлеуге құқы жоқтар.
24. Дұшпаным мықты әрі сұсты бола берсін. Егер мен оны алып қойып жатсам, ар алдында ұятты болмайтын едім.
25. Тарихты айтып жүретін адам әлемді билейді.
26. Білімге емес, даналыққа ұмтыл. Білім - бұл өткен күн. Даналық - бұл болашақ.
27. Дүниеге келгенде сен жыладың, әлем күлді. Онда, өліп жатып күліп жататындай өмір сүр.
Cурет: www.liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига