Мектеп кездерімізде барлығымыздың бір-бірімізге жиі-жиі жұмбақ жасырып, уақытты қызықты өткізгендеріміз естерімізде болар. Сонда достарымыз «Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. Ол не?» деп сұрақ қоятын. Ал біз болсақ, ойланбастан "қоян" деп жауап беретінбіз. Алайда, бүгін мен бұл жұмбақтың қаншалықты шындыққа жанаспайтынына көз жеткізіп отырмын. Өлімге қарсы шапқан қоян өзінің өмірге деген құштарлығын көрсетіп, ажалмен арпалыса білді.