Өлім құдығы

Өлім құдығы

Үндістан – тек көне ескерткіштерге, ескі салт-дәстүрлерге бай ел ғана емес, ойын-сауықтың ордасы деген атаққа да ие мемлекеттердің алдыңғы қатарында. Соның бірі - «Maut ka Kuaa», біздің тілімізге аударғанда «өлім құдығы» немесе «өлім қабырғасы» дегенді білдіреді. Сауыққа мұндай ерекше атау жайдан-жай берілмеген: батыл мотоциклшілер (кейде автомобиль жүргізушілері де) адам нанғысыз жылдамдықпен конус пішінді құдықққа түседі де, ойларына келгенін жасайды.

Ойын-сауықты тамашалауға келген көрермендер көз алдарында болып жатқан фантастикалық көріністерді жүректері ауыздарынан шығып кетердей қорқынышпен тамашаласа, көрермен үрейін одан сайын үдетуді ұнататын ерекше сайыстың ерекше қатысушылары өте жоғары жылдамдықпен бірнеше трюктар орындайды.

Ойын Америка жерінде ХХ ғасырдың басынан бері өткізіліп келеді. Алғаш рет мотоциклшілер өз өнерлерін 1911 жылы нью-йорктық Coney Island атты саябақта көрсеткен болатын. Аталған сайыс кейіннен әлемнің бірнеше елдеріне тарап, үндістандықтардың сүйікті ойын-сауығына айналды.

Сайыс ережесі қатысушылардан арнайы бас киім кимеуін талап ететіндіктен, жарыс барысында бірнеше төтенше жағдай орын алған. Өлім аузынан қалғандар да жоқ емес. Десе де, қатысушылар саны жыл өткен сайын көбеймесе, азайған емес.

Суреттер:livejournal,kulturologia.ru,newsfiber.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева