Сицилия аралында орналасқан «Өлім көлі» әлемдегі ең улы көл ретінде аталып келеді. Ал шындығында, мұндай көл аталған аймақта жоқ. Мүлде болмаған емес, болған. Бірақ, біз білетіндей қауіпті емес.
Ғаламтор беттеріндегі жалған ақпарат нәтижесінде тараған көл туралы аңыз кеңге жайылған. Оның қорғасынды-күкіртті суында ешқандай тіршілік иесі мекен етпейтіні, құстардың өзі оны айналып ұшатыны жайлы жазылады. Тіпті, сицилиялық мафия өз құрбандарын осы көлге лақтырып отырған деген деректер де бар. Өйткені, көлге түскен тіршілік көзінен бір демде түк те қалмайды деген ақпараттар келтірілген. «Өлім көлі» ретінде Йеллоустоунда орналасқан ғажайып көлдің суреті көрсетіліп жүр.
«Өлім көлінің» бар екенін жергілікті тұрғындар да растамайды. Олар өмір сүріп жүрген аймағында ең улы көл бар екеніне сенбейді де. Жергілікті туристік бір сайттың ақпараты бойынша, «Өлім көлі» болуы мүмкін деген көл Палагония әкімшілік орталығына қарайтын Катания аймағында орналасқан деп жазады. Көлдің көлемі 480 футқа да жетпейді. Жаз мезгілінде көл суы тартылып кетеді екен. Ал жергілікті тұрғындар бұл көл туралы аңыздан бейхабар. Оны су қоймасы деп атайды. Оның улы емес екендігі де анық. Өйткені, көл Этна жанартауына жақын аймақта орналасқанмен, ол маңда адамдар өмір сүріп, тіршілігін жасап отыр екен.
Ғаламтор беттеріндегі жалған ақпараттар негізінде аңызға айналып шыға келген көлді италиялықтар «Laghetti di Naftia» деп атайды. «Өлім көлі» - үлкен көл емес, су қоймасы болған. Алғаш рет су қоймасына жанартау зерттеу ісімен айналысушы Гаэтано Понте зерттеу жүргізген. Оның деректерінде көлде көмірқышқыл газының мол екендігі туралы деректер келтірілмеген. «Өлім көлі» атағына ие болған су қоймасының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы суреттері де бар екен. Ендеше қарай отырайық.
1888 жыл
1896 жыл
1897 жыл
Көл ішінде шөптің өсіп тұрғаны анық көрініп тұр
Ал одан кейін көл екі су қоймасына бөлінген
1905 жыл
Уақыт өте су қоймасының да суы тартылған
1908 жыл
Су қоймасының орны ғана қалған
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары су қоймасының алабы қайта кеңейіп, арнасына су тола бастаған. Мұны төмендегі LUCE - B0771 журналы мұрағатындағы бейнетаспадан байқауға болады. Одан кейінгі кезеңде су қоймасы маңына кішігірім зауыттар салынып, көмірқышқыл газы өндіріле бастаған деген де деректер бар.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/2f0rP_4muYg","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: pikabu.ru
Оқи отырыңыз:
Әлемнің ең әсем көлдері Әлемдегі ең қауіпті өзендер мен көлдер Гүлге ұқсайтын көл Қазақстан өзендері Таңғажайып өзендер Әлемдегі ең таза көл Әлемнің сусыз өзендері Түрлі-түсті өзендер