Қаланың ластануы мыңдаған өнеркәсіп орындарының биосфераға қоқыстарын тастау әсерінен орын алып жатады. Мұның әсерінен қала өмір сүруге жарамай, нағыз қоқысханаға, өліммен күресетін ордаға айнала шығады. Ауыр металдар, сынап, жүз мың тонналаған қоқыс, он мыңдаған ауру адамдар...
Дәл осындай күйді бастан өткеріп отырған қалалардың тізімін назарларыңызға ұсынып көрмекпіз. Бәлкім, өз қалаңызды сүюді, аялауды, қадірін білуді үйреніп қаларсыз.
Сумгаит, Әзірбайжан
Бұл қала бір кездері, яғни, Кеңес Одағының заманында химиялық өнеркәсіптің орталығы болған. Ал бүгінгі күні отыз мыңнан астам адам сол кездегі қателіктің зардабын татып отыр. Өйткені, жер қыртыстары, ауа, су – бәрі де ауыр металдармен ластанған. Ал мұнайдың әсерінен мынадай көріністі иемденген қала жан шошытарлықтай күйде жатыр. Жыл өткен сайын қаланы тазарту шаралары күшейгенімен, қоршаған ортаның ластануы толастайтын емес.
Линьфэнь, Қытай
Бронхит, қатерлі ісік аурулары және пневмония – бұл сырқаттардың барлығы да Линьфэнь қаласын билеп алған. Бәріне кінәлі – атмосфераға қос қышқылды күкірт қалдықтары сынды аса қауіпті қалдықтарды үздіксіз шығарып жатқан көмір өндіруші орындар. Зардапты тек қана ауа емес, су да, жер қыртыстары да көріп отыр. Қала тұрғындары осының әсерінен тұманды көріністен көз аша алмауда.
Ла Оройа, Перу
Бұл қалада америкалық корпорациялар мырыш, цинк, қорғасын өндірумен айналысады. Сол себепті, қала тұрғындарының басым бөлігі қанда қорғасын мөлшерінің көп болуынан туындайтын кеселдерге шалдығып отыр. Қорғасын орталық жүйке жүйесінің бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне, қысқасы рак ауруына соқтырады.
Дзержинск, Ресей
Бұл – Ресейдің ең лас қаласы саналады. Кейбір токсиндердің деңгейі рұқсат етілген миллион есе асып кеткен. Дзержинск жерінде жүз мың тоннадан астам химиялық өнеркәсіптің қалдықтары жерленген. Су, ауа, жер қыртыстары фенолмен және ауыр металдармен жұқтырылған. Қалада 250 мыңнан астам адам тұрады. Олардың орташа өмір сүру деңгейі – 45 жас. Ал науқастардың санын айту тіптен қиын.
Кабве, Замбия
Бұл қала – Замбияның өнеркәсіп орталығы. Кабведе қазба байлықтарды игеру жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Қорғасын, цинк, фенол сынды токсиндық заттар мен ауыр темірлердің атмосфераға еркін енгізілуі халықтың зарына айналып отыр. Егер де осы елдің тұрғындарының мұңды тағдырын қайталғаңыз келмесе, Кабвега жолаушы болмаңыз.
Гаина (Хайна), Доминикан Республикасы
Доминикан республикасының аумағында орналасқан Гайна қаласын ластайтын негізгі элемент қорғасын болып табылады. Қорғасынды «қарғап», көздерінен айырылып отырған науқастың саны 100 мыңнан асады. Гайна автокөлік аккумляторын өндіруден әлем бойынша бірінші орында тұрған мемлекет. Зауыттағы құрал-сайманның ескі болу себебінен технологиялық үрдістер бұзылып, ауаға лас қалдықтар көптеп шығады.
Суреттер:byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева