- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Оқшау орындар...
Оқшау орындар
Ертедегі адамдар жыртқыштардан, табиғат апаттарынан, жауласып жүрген көрші тайпалардан өздерін қорғау мақсатында, үйлерін қауіпсіз жерге салуды көздеген. Үңгірлерді мекен еткен бабаларымыз ақыл-ойы кемелдігінің арқасында бұл күнге аман жетті. Ал бүгінгі адамдар қайда тұрып жатыр? Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында біз бағындырмас белес жоқ. Аспанмен таласқан әдемі ғимараттар тұрғызып, адам санасы жетпейтін небір ғаламат үлгідегі үйлер салып шықтық. Сіздердің назарларыңызға адамдар өмір сүріп жатқан немесе бұрын тұрғылықты мекені болған 10 ерекше жерді ұсынамыз.
Сюанькун-сы, Қытай
Қытайда қасиетті саналатын 5 тау бар. Хэн тауы Шаньси провинциясында орналасқан сол таулардың бірі. Сол таудың іргесінде Сюанькун-сы монастыры орналасқан. Бұл монастыр – “ауадағы монастырь“ деген атқа ие, кей кезде “аспалы монастырь” деп те айтылады. Бұл орын тек тарихшылардың ғана назарын аудармайды. Қосалқы құрылғылардың көмегімен қолдан жасалған бұл орын сәулетшілердің де қызығушылығын тудыруда.
Аль-Хаджарах, Йемен
Бұл қала-қабырға Сана провинциясындағы Батыс Йемен тауында орналасқан. Тарихи тамыры өте көне кездерден бастау алса керек. Өйткені, бұл жердің тарихынан тіпті алғашқы жергілікті қоныстанушылар да хабарсыз көрінеді.
Каппадокия, Түркия
Бұл жер - адамдар үздіксіз қоныстанған таңқаларлық мекендердің бірі саналады. Дәл қазіргі уақытта бұл жерде шіркеу мен монастырдың ережесін ұстанған 2500 адам өмір сүріп жатыр. Түркиядағы келушілерге арналған қызығушылық тудырып отырған бірден-бір орын болып табылады.
Метеоры монастыры, Грекия
Грекияның нақ жүрегінде орналасқан Метеоры монастыры “Ауадағы табиғат” деп аталады. Таудың жоғарғы жағында 6 діни орталық бар. Олардың ішінде ең танымалы – Роуссаноу монастыры.
Сетениль-де-лас-Бодегас, Испания
Адамдар осы күні өзгеше жағдайда орналасқан үйлерде тұруға құмар. Сетениль-де-лас-Бодегас сол секілді өзіндік ерекшелігімен таң қалдырады.
Касса до Пенедо, Португалия
“Касса до Пенедо” тура мағынасында “Тас үй” деген мәнде айтылады екен. Бұл мекен Португалияның солтүстігіндегі Фави тауында орналасқан. Бұл үй 1974 жылы инженерлердің көмегімен табиғат әлемінің әдемілігін әспеттеуден туған. Көптеген туристердің қызығушылығын тудырған бұл үй өзінің өзгеше дизайнымен ерекшеленеді.
Понте Веккио, Италия
Понте Веккио немес “Ескі көпір” Флоренцияның Арно өзенінде орын тепкен. Бұл көпір 1345 жылы тұрғызылған. Көпірдің басты артықшылығы, дүкендері мен арнайы кафелерінің болуы.
Матмату, Тунис
Бұл орын Тунис астанасынан 355 километр қашықтықта жатыр. Жергілікті тұрғындары жер астын үйге айналдырып мекен етуде. Бұл жер 1960 жылдардан қалған орын ретінде есептеледі.
Силенд княздігі
Бұл өзгеше орын Британ аралдарының орта тұсында орын тепкен. Кейбір зерттеушілер Силенд княздігін әлемдегі ең кішкентай мойындалмаған егеменді мемлекет деп есептейді. Шын мәнінде бұл жәй ғана теңіз форты.
Джон о Круп
Бұл – Ұлыбританияның солтүстігіне жақын орналасқан аралдардың бірі саналады. Жаз мезгілінде бұл мекеннің танымалдығы артып, сұранысқа ие болады. Ақын-жазушылар мен суретшілердің шығармашылықпен айналысуына таптырмас орын.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: lifeglobe.net
Ш. Талап