Обаманың екінші «бейнесі»

Жақында АҚШ мемлекеттік телевизиясы тарих арнасында көрсетілген теледрама үлкен дауға қалды. Өйткені, драмадағы жын рөліне түскен әртіс президент Обамаға қатты ұқсаған. Аталған теледрама төңірегіндегі дау-дамайдың қаулағаны соншалық, фильмді жасаушылар ақталуға сөз таппай қалған. Жауапты кісі:«Егер кейіпкерлерімізден ұқсастық тауып жатсаңыздар, ол бір кездейсоқтық» дегеннен басқа түсінік жасай алмаған.

Мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Өткен жылы HBO арнасында көрсетілген деректі фильмде кеудесіне найза қадалған жалған адам бейнесінің бас бөлімі АҚШ-тың экс-президенті кіші Джордж Буштан аумай қалған. Фильм эфирден жарияланып кеткеннен кейін атаулы мекеме Буш әулетінен кешірім сұрап тынған еді.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: sc.com