Норвегияда Гананың королін тонап кетті. Жалғыз рәміздің мұңы...

Норвегияда Гананың королін тонап кетті. Жалғыз рәміздің мұңы...

Норвегияда африкалық ең аз ұлттардың бірінің королі, яғни ашанти тайпасының көсемінің рәмізін (регалиясын) белгісіз біреулер ұрлап кетті. Ең бастысы, аталған рәміз  (регалия) бабалардан мұра болып келе жатқан бұйым екен.

Гана Республикасының орталық аудандарының бірінде тұратын ашанти тайпасының королі II Отумфуо Осей Туту жақын күндері Норвегияда өтіп жатқан халықаралық экономикалық конференцияға келген болатын. Амандық-саулық сұрасып жүргенде, «Radisson Blu Plaza» қонақ үйінің кірер аузында чемоданын белгісіз біреулер ұрлап кетіпті. Ал сол чемоданның ішінде ресми конференцияларға алып жүруге тиісті (тайпа дәстүрі солай) рәміз (регалиясы) болыпты.

Бүгінгі таңда аталған бұйымға Норвегия үкіметі іздестіру салуда. Алпауыт қонақүйде бейнебаян болатынын ескерсек, онда жақын арада табылып та қалар. Әйтпесе, құны ат басындай алтыннан да қымбат бұйым табылмайынша, ел көсемі нәр татудан қалған-ды.

Естеріңізге сала кетсек, Ашанти – Гана Республикасының құрамына кіретін этникалық топтардың бірі. Осынау елдердің тайпа көсемдері корольдік лауазымға иелік еткенмен, үкімет ісіне араласа алмайды. Есесіне өз тайпасының бүкіл билігі өз қолдарында шоғырланған.

Сурет:nowords.kiev.ua

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига