- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Нил Армcтронг Айға...
Нил Армcтронг Айға бірінші болып ұшты ма, әлде АҚШ бізді алдады ма?
Нил Армстронг Айға алғаш рет 1966 жылы ұшып, арада 3 жыл уақыт өткен соң «Аполлон-11» кемесін басқарып айда бағындырады. Ия, Армстронг Айға ұшқан алғашқы адам болды. Мұны американдықтар айтып қана қоймай, дәлелдеді. Армстронгтың Ай бетін шарлап, ту тіккенін баяндайтын бейнебаян да бар. Алайда Айға ең бірінші Армстронгтың аяқ басқандығына күмән келтіретін фактілер де жоқ емес. Егер дәл сол бейнебаянға анықтап қарайтын болсаңыз, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді анықтайсыз.
Біріншіден:
Ай гравитациясына сәйкес ғарышкерлер Ай бетімен жүріп келе жатқан сияқты көрінеді. Алайда бейнебаянды жылдамдатқан соң ғарышкерлердің немесе актерлердің Айдың бетімен көшеде келе жатқандай жүріп келе жатқанын байқауға болады. Яғни мұны сол кездегі киностудиялардың кез келгені түсіре алатын еді.
Екіншіден:
Жел қайдан соғып тұр? Айда атмосфера да, жел де жоқ. Бірақ Америка жалауы неге желдің әсерінен тербеліп тұрғандай күй кешуде? Әлде Армстронг тұрған жерде бірден құйын көтерілді ме?
Үшіншіден:
Айға тек Күннің жарығы түсуі мүмкін. Бірақ американдық бейнебаяннан әртүрлі бағытта түсіп тұрған көлеңкелерді байқауға болады.
Бейнебаян түсіріп жүрген мамандар мұның сырын бірден аңғарады. Яғни ол жасанды жарық Айға қалайша түсуі мүмкін? Осы жасанды жарық болмаған жағдайда сәуле бір бағытта ғана түсетін еді ғой...
Енді төмендегі суретке мұқият қараңыз. Ғарышкер көлеңкенің астында тұр. Бірақ оған көлеңкенің түспеу себебі неде? Тағы да жасанды жарық қайдан пайда болған?
Төмендегі тағы бір суретке мұқият қараңыз. Ғарышкер ғарыш кемесінен секіруде. Оның көлеңкеде тұрғанына қарамастан, өзі анық көрініп тұр.
Соңғы және ең қызықты сурет. Бізге Күннің жарқылы анық байқалып тұр. Бірақ космостық аппараттың алдыңғы бөлігіндегі «UNITED STATES» деген жазу да анық көрінуде. Ол жазуды анықтап оқыған кезде Күн қарсы алдынан сәулелендіріп тұр ма деген ойға қаласыз. Мұны қалай түсінуге болады?
Дәл бүгін 1969 жылы тұңғыш рет адамзат баласы Айға табан тіреді. Ол американдық ғарышкер Нил Армстронг болатын. Алайда уақыт Нил Армстронгтың Айға ұшқан, ұшпағандығын өзі дәлелдеген сыңайлы.
Алып империя технологияның қарыштап дамып, адамзаттың жалған бейнебаянмен түпнұсқаны ажырата білетіндей хәлге жететіндігін неге ойламады екен?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: mir-politika.ru
Қ. Бүйенбай