- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Newsweek интернетке көшті...
Newsweek интернетке көшті
Newsweek америкалық аналитикалық апталығы өзінің соңғы баспа санын шығарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап, бұл журнал тек интернет бетінде болмақ екен. Бұл туралы аталған баспасөздің бас редакторы Тина Браун мәлімдеді.
Соңғы баспа санының беткі суретінде қара-ала түсті ғимараттың суреті басылған. Номер орнына жазылған #lastprintissue жазуы «соңғы баспа сан» деген мағынан білдіреді. Ал ендігі кезекте келер жылдың басынан бастап, журнал электронды баспасөзге айналады. Сонымен қатар, iPad планшеттеріне арналған арнаулы нұсқасы шықпақ екен.
Айта кетер болсақ, Newsweek-тің бірінші саны 1933 жылы ақпан айында АҚШ-та шыққан болатын. Журнал 3 миллион данамен шығатын. Баспасөз басшылығының бұл қадамы қаржыға келіп тірелген. Жарнамадан табатын пайданың 2012 жылы тым азайғаны себепті журналдың шығыны – 22 миллион долларға жеткен.
2010 жылы Сижни Харман Washington Post Company-дан аталған журналды сатып алған екен. Кейінірек, Newsweek The Daily Beast интернет-порталымен бірігіп, оны Тина Браун басшылық ететін болған.
Қаржының жетіспеушіліген журналистердің де қысқартуға кететіні белгілі болды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: telegraf.com.ua
А. Құлтай