Әлемде талай қызық бар. Сіз осыған дейін кішкентай жержаңғақты зәулім үйді жоятын динамитті құастыру кезінде пайдаланытын біліп пе едіңіз? Сол секіді қызықты әрі білмеген мәліметтермен таныс бола отырыңыздар. - Бүкір кит шығаратын жан айқайы тіршілік иелері арасындағы ең қаттысы. - Жерге күніне оң мыңдаған ғаламшар шаң-тозаңы келіп түседі. - Егер жүзімді қысқа толқынды жылыту пешіне салатын болсаңыз, ол жарылып кетеді. - Алғашқы кезде кока-кола сусынының түсі жасыл болған. - Сиыр малын баспалдақ арқылы жоғары жаққа сүйреп жүре аласыз, ал төменгі жаққа мүмкін емес. - Еріншектер 75% уақытын ұйқыда өткізеді. - Адамда 46, бұршақта 14, қысқышсыз шаянда 200 хромосома бар. - Керік тілінің түсі қап-қара, ал ұзындығына келетін болсақ, 50 сантиметрге дейін жеткендері кездескен. - Бүкіл ғаламшарымызда 100 миллиардтан астам галактика бар. - Жержаңғақты (арахис) динамит жасау кезінде қолданады. -Жұлдызқұртта (гусеница) адамнан гөрі бұлшық ет саны көп. - Гавай елінің алфавитінде 12-ақ әріп бар. - Жыл сайын 10 млн тонна азот жер шарына жаңбыр болып жауады. - The quick brown fox jumps over the lazy dog мәтіні ағылшын әріптерінің толық алфавитін қамтиды. - 15 дюмді кальмар көзі әлемдегі ең үлкені. - Жігіттер қыздарға қарағанда кіші шрифтегі мәліметтерді жақсы оқиды екен, ал бірақ қыздар жақсы тыңдайды. - Екі бірдей қар ұшқыны ешқашан кездеспейді. - Сүтқоректі жануарлар ішінде дельфин жалғыз өзі ғана бір көзін ашып ұйықтайды. - Жеті қазынаның бірі иттің иіс сезім мүшесі адаммен салыстырғанда 1000 есеге жоғары. - Хоккей шайбасы сағатына 160 шақырым жылдамдықты жинай алады. - Жақсы қаламсаппен 50 000-ға тарта сөз жазып шығуға болады. - Долларды 293 әдіспен ұсақтауға болады. - Швейцарлық Генри Нестле ең алғашқы сүтті шоколад жасап шығарды. - Найзағай ең көп дегенде 712 минутқа дейін созылады. - Әлемде тауықтар саны адам санынан көп. - Әлемдегі жер астынан табылған алмаздардың ең алыбы 3106 карат. - Өкпенің оң жақ беті, сол жақ бетіне қарағанда ауа алқымы үлкен. - Әлемде жалпы туылған адамдар санының 10%-ы қазіргі кезде өмір сүріп жатыр. - Ең желді аймақ Виктория жері, Антарктидада. Ол сағатына 215 шақырым жылдамдықпен соғады. - Жыл сайын найзағай 1000 адам өмірін о дүниеге аттандырады. - Ересек адам дене-бітімінде 75 шақырым жүйке жүйесі бар. - Егер күнді допқа теңейтін болсақ, онда Юпитер гольф доңғалағына айналады, ал жер болса бұршақ кейпіне енеді. - Лос-Анджелесте көлік саны адам санынан басым. - Көлік қозғалтқышы тек 1949 жылдарға қарай кілтпен отала бастаған.