Непал тұрғыны басын тебуден Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол өзін бір минуттың ішінде 134 рет тепті.
Рекордты жаңартқан Пускар Непалдың айтуынша, Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін ол күніне бірнеше сағаттан жаттыққан. "Рекордтар кітабына енгім келді. Бірнеше жыл бұрын маңдайдан тебу деген категорияның бар екенін білдім", - деді жасөспірім. Оның айтуынша, ол жаттығудың арқасында маңдайдан екі аяқпен тебуді үйренген.
"Қиын болды. Сегіз-тоғыз ай дайындалдым", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд ағылшын Джоэль Лейендекерге тиесілі. Ол өзін 124 рет тепкен.