Израиль мен Иордания шекарасында дүние жүзіндегі ең қызықты жерлердің бірі Өлі теңіз орналасқан.
Оның құмсыз жағажайы туристердің мекеніне айналды десек те болады. Жұрт табиғаттың осы бір тылсым күшін көзбен көріп, адамды өзіне батырмайтын суына шомылып көргісі келеді.
Дегенмен солардың көпшілігі бұл теңіздің неге дәл осылай аталғандығынан бейхабар.
Өлі теңіз Жер шарындағы ең тұзды теңіз болып саналады. Осы минералдың себебінен сіз судың бетінде еш қиналмай газет оқып жата бере аласыз. Өлі теңіздегі тұздың концентрациясы бір литр суға 270 грамнан келеді. Ол тым көп көрсеткіш екендігін басқа тұзды су қоймаларындағы концентрацияның 35 грамнан аспайтындығынан біле аламыз.
Мұндай үлкен көлемдегі натрий хлориді судың тығыздығын жоғарылатады.
Осы шикізаттың себебінен теңізге Өлі атауы берілген. Өйткені бұндай тұзды суда микроағзалардың сирек түрлері ғана тіршілік етеді. Ал балық, моллюска мен балдыр секілді тіршілік иелері мұндай көлемдегі тұзды көтере алмайды. Теңізге түскен балықтар сол сәтте-ақ өледі екен, ал олардың денелері жағалауға шығып қалып жатады.
Енді сіз бұл теңіздің көптеген тіршілік иелерін өлтіретіндігіне көзіңізді жеткіздіңіз. Айтпақшы, еврей тілінде бұл теңіз «YamhaMaved» деп аталады. Бұл «Жан алғыш теңіз» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен Өлі теңіздің басқа, қорқынышты емес атаулары да бар. Мысалы, Лота теңізі, Шығыс, Арава, Асфальтті деген атаулар.
Ал қазір мынадай сұрақ қойып көрейік: осынша көп тұз онда қайдан келген? Себеп осы теңізге құятын барлық сулар мен көлдердің осы жерде торға түсіп қалып, басқа жаққа ағып кете алмайтындығында болып тұр. Осылайша ағып келген сулар буға айналып шыға келеді. Ал олардың құрамындағы тұз жойылып кетпейді, теңізде қалып қояды.
Ал онда тіршіліктің болмауы осындай қорқынышты атаулардың пайда болуына себеп болған.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: po4emu.ru