Дәуір басында Еуропада билік құрған Рим империясында латын тілі ресми тіл ретінде қолданылды. Алайда ғасырлар өте бұл тіл көнеріп, қазіргі уақытта қолданыстан шықты. Ал XV ғасырда пайда болған жаңа құрлық "Латын Америкасы" деп баламаланады. Оның себебі неде?
Оңтүстік Америка құрлығында 33 мемлекет бар. Осы мемлекеттердің барлығы роман тілдері тобына жататын испан, португал, француз тілдерінде сөйлейді. Ал роман тілдері – бұрынғы латын тілінің жұрнағы. Тұтас құрлық бір негізден тамыр алған тілдерді қолданатындықтан, оған «Латын Америкасы» деген балама атау берілген.
XIX ғасырдың соңына дейін АҚШ-та Испан Америкасы деген де термин болды. Бұл АҚШ-тың оңтүстігіндегі испантілді мемлекеттерге қатысты қолданылды.
Уикипедия ашық энциклопедиясы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2016 жылғы санақ бойынша Латын Амеркасында 639 миллион халық бар. Құрлықтағы халқы ең көп мемлекет – Бразилия.
Латын тілі жайлы не білеміз?
Латын тілі қазіргі уақытта ауызекі тілде пайдаланылмайтындықтан, ол өлі тілдердің қатарына жатады. Алайда түрлі ғылым салаларында латын тілінде жазылған антикалық құжаттар әлі күнге дейін қолданылады. Атап айтсақ, медицина, тарих, көркем әдебиетте латын тілінің маңызы жоғары. Халықаралық терминдердің басым бөлігі латын тілінде жасалған.
Латын тілі IX ғасырда сөйлеу тілі ретінде жойылды. Дегенмен XV-XVI ғасырға дейін батыс еуропа қоғамында, католик шіркеулерінде, әдебиет пен ғылымда, медицинада жазба тіл ретінде қолданылды. Латын тілі итальян, француз, испан, португал, каталон, провансаль, сардин, ретороман, далмат, балқан-роман тілдерінің негізін қалады.